ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
УЕФА президенті Александер Чеферин: «Стамбул — Еуропадағы ең ірі футбол қалаларының бірі», - деді.
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты / Reuters

Александер Чеферин Түркияның 2019 жылдан бері УЕФА аясындағы үш ірі финалдық матчты қабылдауы елдің ең жоғары деңгейдегі футбол жарыстарын ұйымдастыра алатынын көрсететінін айтып, Түркияны дамушы ел емес, ірі футбол державасы ретінде қарастыру қажет екенін мәлімдеді.

Чеферин Түркия халқының спортқа деген зор қызығушылығын жоғары бағалап, елде футболға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.

УЕФА басшысы сондай-ақ Түркия футбол федерациясы мен федерация президенті Ибрахим Хаджыосманоглу туралы пікір білдіріп, олардың адалдықты, ашықтықты және спортқа деген сенімді қалпына келтіруге бағытталған ұстанымын жоғары бағалады.

УЕФА президенті 2019 жылғы Суперкубок финалы мен 2023 жылғы Чемпиондар лигасының финалынан бөлек, 2026 жылғы УЕФА Еуропа лигасының финалының да «Beşiktaş Park» стадионында өтетінін айтып, мұны ұйымның Түркияға деген сенімінің айғағы ретінде бағалады.

Чеферин Түркия мен Италия бірлесіп өткізетін «УЕФА EURO 2032» турниріне қатысты пікірінде Түркияның заманауи стадион инфрақұрылымын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл — спорт нысандарын жаңғыртуда қиналып отырған өзге Еуропа елдерімен салыстырғанда Түркияның маңызды артықшылығы.

УЕФА президенті сондай-ақ  Ұлттық құрамаға да тоқталып, биыл өтетін футболдан әлем чемпионаты турнирінен үлкен үміт күтетінін жеткізді. Ол команданың бәсекеге қабілетті болуы керектігін атап өтті.

Чеферин құрамдағы жартылай қорғау шеберлерін ерекше атап өтіп, жас жұлдыз Арда Гүлер, Кенан Йылдыз, сондай-ақ тәжірибелі Хакан Чалханоглуна тоқталды.

Сөз соңында УЕФА президенті түрік клубтарын уақытша жетістіктерге емес, Еуропадағы тұрақты табысқа ұмтылуға шақырды. Ол қысқа мерзімді әрі эмоцияға негізделген шешімдердің орнына жастар академиясы, бапкерлік жүйе және қаржылық тәртіп секілді ұзақ мерзімді инвестицияларға көңіл бөлуге кеңес берді.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді