ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ұлыбритания: «Бірнеше апта ішінде Газада атыс тоқтамаса, Израильге жаңа санкциялар енгізіледі»
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лэмми Палестинаны тану процесінің нақты мерзімін айтпады. Соңғы мойындаулар Израильдің Батыс Шерияны заңсыз басып алуын тоқтата алмады деп мәлімдеді.
Ұлыбритания: «Бірнеше апта ішінде Газада атыс тоқтамаса, Израильге жаңа санкциялар енгізіледі»
/ AFP

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми  бірнеше апта ішінде Газа секторында атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілмесе, Израильге қосымша санкциялар салуға дайын екендерін мәлімдеді.

Лэмми сейсенбі күні Парламент палатасының Сыртқы істер комитетінде Газадағы гуманитарлық жағдай нашарлай берсе, үкімет Израильге қарсы әрекет ететінін айтты.

Лейбористтер партиясының депутаты Алекс Баллингерін «Газада атысты тоқтату алдағы аптада орындалмаса... үкімет Израильге қарсы бұдан әрі әрекет ете ме?» деген сұрағына Лэмми: «Иә, әрекет етеміз», - деп жауап берді.

Лэммидің бұл мәлімдемесі өткен айда Ұлыбританияның Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия және Норвегиямен бірге Газада «адам құқықтарының өрескел бұзылуы» деп сипатталған әрекеттері үшін Израиль министрлері Итамар Бен-Гвир мен Бецалель Смотричке қарсы сапарға шығуға тыйым салу және активтерін бұғаттау секілді санкциялар енгізгеннен кейін жасалды.

Лэмми лейбористер мен кәсіподақтар тарапынан қысым күшейіп жатқанына қарамастан, Палестина мемлекетін ресми түрде мойындаудың мерзімін айтпады.

Лэмми Ирландия, Испания және Норвегия сияқты елдер Палестинаны мойындаса да, Батыс Шерияда геноцид жалғасып жатқанын атап өтті. Палестинаны мемлекет ретінде мойындау бейбітшілік күш-жігерін ілгерілетпейтініне назар аударды.

Израильдің Газадағы қырғыны

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында геноцид жүргізіп келеді. Палестиналық дереккөздер 57 500-ден астам палестиналықтың қаза тапқанын, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар екенін хабарлады.

Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, шамамен 11  000 палестиналық үйінділер астында қалған.

Алайда сарапшылар нақты өлім саны Газа билігі жариялаған көрсеткіштен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді. Бұл көрсеткіш 200 000-ға жуық деген болжам бар.

Израиль қоршауда қалған Газа секторының ауқымды бөлігін қиратып, бүкіл халықты босқынға айналдырды.

Сондай-ақ Израиль Газаға гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойып, БҰҰ-ның
көмек көрсету әрекеттерін тоқтату үшін құрылып, «өлім тұзағы» деп сипатталған АҚШ қолдайтын көмек тобына рұқсат берді.

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді