Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға Түркиядан жіберілген шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмекті тарата бастады.
Көрпе, төсек-орын және жылыту құралдарынан тұратын көмектің бір бөлігі елдің әр аймағындағы мұқтаж жандарға жеткізіледі.
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша делегация басшысы, сондай-ақ Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының халықаралық істер және көші-қон қызметтері жөніндегі бас директоры Алпер Күчүк Түркияның Босния және Герцеговинадағы мигранттарға бұған дейін де көмек көрсеткенін атап өтті.
«2019 жылдан бері бұл лагерьлерде қажеттілік туындаған сайын Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы қолдау көрсетіп келеді», – деді ол.
«Шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмек жеткізілді»
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының Босния және Герцеговинадағы делегация басшысы Убейд Сакин түрік халқы мен қайырымдылық жасаушылардың әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын айтты.
«Түркиядан шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмек жеткізілді. Оны Босния және Герцеговинаның барлық аймағына таратамыз. Бүгін көмектің бір бөлігін Сараево қаласының Блажуй ауданындағы мұқтаж жандарға жеткізіп жатырмыз», – деді Сакин.





















