Қоршаған ортаны қорғау министрі Моник Барбю Түркияда өтіп жатқан БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясы аясындағы министрлер кездесуінен кейін жасаған мәлімдемесінде: «Біз өз жауапкершілігімізді мойнымызға алып отырмыз және оны мойындаймыз. Алайда болып жатқан жағдайға аз да болса қатысы бар басқа тараптар да өз жауапкершілігін мойындай бастауы керек», – деді.
Келіссөздер жалғасып жатқан тұста дамушы елдердің климаттық қаржыландыру тапшылығына қатысты алаңдаушылығына Франция қалай жауап беретіні сұралғанда Барбю Францияның жалғыз өзі «ешбір мәселені шеше алмайтынын» айтып, «Қаржыландыру тапшылығын жабуға біздің мүмкіндігіміз жетпейтіні анық», – деді.
Дамыған елдердің климаттық дағдарысқа «бірінші кезекте жауапты» екеніне қатысты «ешқандай дау жоқ» екенін тағы да атап өткен Барбю болашаққа назар аударуға шақырды.
«Бүгінде біз бастан кешіріп отырған климаттың өзгеруіне негізінен өзіміз жауапты болғанымызбен, бірнеше жылдан кейін бұл тұрғыда бізден әлдеқайда асып түсетін елдер бар», – деген Барбю: «Біз үнемі сынға ұшырап, жауапқа тартылатын жалғыз тарап бола алмаймыз», – деді.



























