ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Топырақ көшкіндерінде  ондаған адам қаза тапты
Үндістан мен Бангладеште жаңа көшкін қаупі сақталып тұр, құтқару топтары қатты жауынның астында қалғандарды эвакуациялауға тырысуда.
Топырақ көшкіндерінде  ондаған адам қаза тапты
/ AP

Билік пен жергілікті БАҚ хабарлағауынша, Үндістанның солтүстік-шығыс аймағында соңғы төрт күн бойы жауған нөсер жауыннан болған көшкін салдарынан кемінде 34 адам қаза тапты. Ауа райы қызметі алдағы күндері тағы да қатты жауын күтілетінін ескертті.

Гималай аймағындағы Сикким штатында қалған мыңнан астам туристтің эвакуацияланғаны, ал Мегхалая штатында су басқан аймақтарда қалып қойған 500-ден астам адамды құтқару үшін әскери құтқару топтары жұмылдырылғаны айтылды.

Көрші Бангладеште Силхеттің солтүстік-шығыс аймағындағы көшкін салдарынан бір отбасының кемінде төрт мүшесі қаза тапты. Жексенбі күні Рангамати, Бандарбан және Кхаграчхари секілді тау аймақтарында жүздеген уақытша баспана ашылғаны хабарланды.

Билік өкілдері тағы да көшкіндер мен кенеттен болатын сел қаупі бар екенін айтып, қауіп аймағындағы тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

Су тасқыны миллиондаған адамға әсер етуде

Үндістанның солтүстік-шығысы мен Бангладеште жыл сайын миллиондаған адам көшкіндер мен кенеттен болатын су тасқынына байланысты қаза табады. “ANI” ақпарат агенттігі жариялаған кадрларда Ассам штатының Силчар қаласында жолдар мен үйлер су астында қалғаны, ал көшелерде құлаған ағаштар үйіліп жатқаны көрсетілген.

Силчар тұрғыны Сону Деви агенттікке берген сұхбатында: «Біз көп қиындыққа тап болып отырмыз. Бір балам бар. Оның төсегі суға батты. Мұндай жағдайда не істей аламыз? Түнде көз ілмей отырдық.» - деді.

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті