САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Газада атысты тоқтату жоспары Израильге 60 күннен кейін геноцидті қайта бастауға мүмкүндік береді
Уиткоффтың ұсынысы 10 израильдік тұтқын мен 18 израильдік мәйіттің орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылған 125 палестиналықты, Газада қамауға алынған 1111 тұтқынды босатуды және 180 палестиналықтың мәйітін қайтаруды көздейді.
Газада атысты тоқтату жоспары Израильге 60 күннен кейін геноцидті қайта бастауға мүмкүндік береді
/ AP

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф араағайын болған және президент Дональд Трамп мақұлдаған Газа секторы бойынша атысты тоқтату туралы жаңа ұсынысты Израиль қабылдады, бірақ ХАМАС талдауда.

Палестинаның тойтарыс тобы Израильдің бұл жоспарға берген жауабы оның негізгі талаптарына сай келмейтінін атап өтіп, ұсынысты қарап жатқанын мәлімдеді.

«Times of Israel» және «Drop Site News» газеттері кеңінен жариялаған бұл ұсыныс 60 күндік атысты тоқтатуды көздейді және осы уақыт ішінде ХАМАС 10 израильдік тұтқынды босатып, 18 адамның мәйітін қайтарады. Ал Израиль өмір бойына бас бостандығынан айырылған 125 палестиналық тұтқынды, Газадан алып қашылған 1111 палестиналықты босатады және 180 палестиналықтың мәйітін қайтарады.

Бұл жоспарға БҰҰ мен Қызыл Жарты Ай арқылы Газаға дереу гуманитарлық көмек жеткізу де кіреді.

Ұсыныстың негізгі элементтері:

60 күндік атысты тоқтату:

Атысты тоқтату екі тараптың келісімі бойынша басталады және президент Дональд Трамп Израильдің осы кезеңде атысты тоқтату келісімін сақтайтынына кепілдік береді.

Кепілге алынғандарды екі кезеңде босату:

Тұтқынға алынған 10 израильдік пен 58 адамнан тұратын тізімдегі 18 адамның мәйіті екі кезеңде қайтарылады. Алғашқы жартысы бірінші күні (5 тірі, 9 мәйіт), қалған жартысы жетінші күні тапсырылады.

Гуманитарлық көмекке қолжетімділік:

БҰҰ және Қызыл Жарты ай сияқты келісілген арналар арқылы Газаға жылдам көмек жеткізу өте маңызды. Бұл шаралар атысты тоқтату режимі бойы жалғасады.

Израильдің әскери әрекеттерін тоқтату:

Келісім күшіне енгеннен кейін Израильдің геноцидке байланысты барлық әрекеттері тоқтатылады. Газадағы әуе бақылауы мен әскери рейстер тәулігіне 10 сағатқа немесе тұтқындар алмасу күндерінде 12 сағатқа тоқтатылады.

Израиль армиясының орналасуы:

Әскери әрекет бірінші күні (Газаның солтүстігі мен Нетзарим дәлізі) басталып, жетінші күні (Газаның оңтүстігі) гуманитарлық қажеттіліктер мен келіссөздер жүргізілетін карталар негізінде жалғасады. Техникалық топтар жақындық туралы келіссөздер кезінде қайта орналасуды нақтылайды.

Атысты тұрақты тоқтату туралы келіссөздер:

АҚШ, Мысыр және Катардың қолдауымен ресми келіссөздер атысты тоқтатудың бірінші күні басталады. Күн тәртібінде тұтқындарды нәтижелі айырбастау, Израиль армиясының шығарылуы және Газаның болашақ әкімшілігіне қатысты шаралар болады. Мақсат – 60 күннен кейін атысты тұрақты тоқтату келісіміне қол жеткізу.

Президент міндеттемесі:

Трамп әкімшілігі процеске толық қолдау көрсетуге уәде беріп, уақытша атысты тоқтату қақтығыстың тұрақты шешілуіне әкелетінін атап өтті.

Тұтқындарды босату шарттары:

Израиль кепілге алынған 10 тұтқынның орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылған 125 палестиналықты және 2023 жылдың 7 қазанынан кейін алып қашылған 1111 палестиналықты босатады. Қаза тапқан 18 тұтқынның орнына Израиль 180 палестиналықтың мәйітін қайтарады. Тұтқын босату екі кезеңнен тұрады. Бірінші және жетінші күні тұтқын босатылады және ешқандай қоғамдық рәсімдер болмайды.

Өзара ашықтық:

10-шы күнге дейін ХАМАС кепілге алынғандардың барлығының өлім-жітім дәлелдерін ұсынады. Израиль 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газада ұсталған тұтқындар мен қаза тапқандар туралы барлық деректерді жариялайды. ХАМАС атысты тоқтату режимі кезінде тұтқындардың қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Қалған тұтқындар:

Егер 60-шы күні тұрақты атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілсе, 58 адамнан тұратын тізімдегі қалған барлық кепілге алынғандар босатылады. Егер келіссөздер адалдықпен жалғасып, бірақ аяқталмаса, атысты тоқтату өзара келісілген шарттар бойынша ұзартылуы мүмкін.

Араағайын кепілдіктері:

Америка Құрама Штаттары, Катар және Мысыр екі жақтың консенсуалды және байыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, атысты тоқтату келіссөздеріне кепіл болады.

Елшiнің қадағалауы:

Уиткофф келіссөздерге жетекшілік ету және шарттарды аяқтауға көмектесу үшін аймаққа барады.

Президенттің хабарламасы:

Президент Трамп атысты тоқтату туралы келісімді жеке өзі жариялайды және нақты шешімге қол жеткізілгенге дейін келіссөз процесін қолдауды жалғастырады.

Іздеу
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ