ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған: «Қаратеңізде сауда кемелеріне жасалған шабуылдар ешкімге пайда әкелмейді»
Президент Ердоған Анкараның өз мүдделерін қорғап, бауырларына көмек қолын созу үшін мықты болудан басқа таңдауы жоқ екенін атап өтті.
Ердоған: «Қаратеңізде сауда кемелеріне жасалған шабуылдар ешкімге пайда әкелмейді»
Ердоған: «Қаратеңізде сауда кемелеріне жасалған шабуылдар ешкімге пайда әкелмейді» / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина соғысына байланысты соңғы шабуылдарға тоқталып, Қаратеңіздегі сауда және азаматтық кемелердің нысанаға алынуы ешкімге пайда әкелмейтінін ескертті.

Сейсенбі күні Анкарада өткен 16-шы Елшілер конференциясында Ердоған бұл шабуылдардың Қаратеңіздегі кеме қатынасына қауіп төндіретінін айтып, Анкараның екі тарапқа да ескерту жасағанын мәлімдеді.

Түркия бұған дейін де өзінің айрықша экономикалық аймағындағы кемелерге жасалған шабуылдарды «қабылданбайтын әрекет» деп  бағалаған болатын.

Ердоған сондай-ақ Түркияның өз мүдделерін қорғап, бауырларына көмек қолын созу үшін мықты болудан басқа таңдауы жоқ екенін жеткізді.

Газаға гуманитарлық көмек және Израильдің Сирия саясаты

Түркияның дағдарыс аймақтарына бағытталған гуманитарлық және дипломатиялық қадамдарына тоқталған Ердоған Анкараның барлық шектеулерге қарамастан Газаға 103 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізіп, басқа елдерге үлгі болғанын атап өтті.

Ердоған: «Газада көптеген ана, жұбай мен бала аналарын, әкелерін, өмірлік серіктерін іздеп жүр немесе олардан хабар күтуде», - деді.

Сириядағы жаңа кезең

Сирияға қатысты Тель-Авивтің агрессивті әрекеттері жөнінде сөз қозғаған Ердоған бір жыл бұрын жаңа билік келіп, соғыстан зардап шеккен елге Израиль үлкен кедергі болып отырғанын айтты.

Президент сондай-ақ Түркиядағы сириялық босқындардың 580 мыңы өз еліне оралғанын мәлімдеп, жағдай тұрақталған сайын ерікті түрде елге оралу үдерісінің күшейе түсетінін атап өтті.

SDF/YPG ескертуі және Оңтүстік Кавказ дипломатиясы

Ердоған Анкараның Сирияда YPG террорлық ұйымының ықпалындағы SDG-мен 10 наурызда жасалған келісімнің іске асырылуы үшін қажетті қадам басылуы керектігін бірнеше рет ескерткенін айтып, «Егер қарсылық көрсетілсе, бұл жағдайдың дағдарысқа айналу қаупі бар», - деді.

Оңтүстік Кавказдағы ахуалға тоқталған Ердоған Анкараның Бакумен тығыз диалогта екенін, сондай-ақ Ереванмен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіруді ілгерлеткенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Армения мен Әзербайжан бейбітшілік келісіміне қол қоюға жақын.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты