ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина: қақтығыстар жаңа қарқын алуда
Ресей мен Украина бір-бірінің бақылауындағы аймақтарға шабуылдарын жалғастыруда.
Ресей мен Украина: қақтығыстар жаңа қарқын алуда
/ Reuters

Сәрсенбі күні ресми тұлғалардың хабарлауынша, түнде Ресей Украинаның орталығында орналасқан Кировоград облысына жасаған дрондық шабуыл электр жарығының өшуіне себеп болып, теміржол қозғалысына кедергі келтірді.

“Telegram” мессенджерінде Андрей Райкович: «Қазіргі уақытта облыс орталығы мен Александровка ауданындағы 44 елді мекен электр қуатынан жартылай айрылды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол кейбір тұрғын үйлердің зақымданғаны және теміржол қатынасының тоқтағанын жеткізді.

Төтенше жағдай қызметтері үш жерде өртпен күресіп жатқанын, адам шығыны жоқ екенін хабарлады.

Теміржол желісі нысанаға алынды

Украина Премьер-министрінің орынбасары Алексей Кулеба Ресей күштері түнгі шабуыл кезінде теміржол инфрақұрылымын нысанаға алғанын айтты, бірақ оқиға болған жерге қатысты нақты ақпарат бермеді.

Кулеба: «Мұндай шабуылдардың ашық мақсаты бар: жолаушылар мен жүк тасымалына кедергі келтіру, көлік қатынасының тұрақты жұмысын бұзу және адамдар мен экономикаға қосымша қысым көрсету» деді.

Ал РИА ақпарат агенттігі станция өкіліне сілтеме жасай отырып, Украина шабуылынан кейін Запорожье атом электр станциясындағы отын сақтау қоймасында шыққан өрттің сөндірілгенін хабарлады.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі сейсенбі күні станцияда кезекшілік атқаратын тобы нысан маңынан атқылау дыбыстарын естігенін және үш жерден түтін көтерілгенін байқағанын мәлімдеді.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады