ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Өкілдер палатасы қызметкерлерге "WhatsApp" қолдануға тыйым салды
"Facebook" пен "Instagram-ға" ие технологиялық алып "Meta" компаниясы бұл қадамға қарсы екенін мәлімдеді.
АҚШ Өкілдер палатасы қызметкерлерге "WhatsApp" қолдануға тыйым салды
/ AP

АҚШ Өкілдер палатасы “Meta” компаниясының “WhatsApp” хабар алмасу платформасын барлық мемлекеттік құрылғылардан пайдалануға тыйым салды. Бұл шешім дүйсенбі күні Палата қызметкерлеріне жіберілген меморандумнан кейін қабылданғанын бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Киберқауіпсіздік кеңсесі “WhatsApp” қолданушылары үшін жоғары қауіп төндіреді деп есептейді, себебі пайдаланушы деректерін қорғау тәсілдері жеткілікті ашық емес, сақталған деректерді шифрлау жоқ және қолдану барысында қауіпсіздік қатерлері болуы мүмкін», – деп жазылған технологиялық алпауыттың әкімшілік басшысы жіберген меморандумда.

Палата меморандумы қызметкерлерге “Amazon.com-ның” “Wickr”, “Apple-дің” “iMessage” және “FaceTime”, сондай-ақ “Microsoft Corp”-тың “Teams” платформасы мен “Signal” сияқты басқа хабар алмасу қосымшаларын пайдалануды ұсынды.

“Meta” өкілі бұл шешімге «еш келіспейтінін» мәлімдеп, “WhatsApp” платформасының Палата меморандумында мақұлданған басқа қосымшаларға қарағанда қауіпсіздік деңгейі жоғары екенін айтты.

Қаңтар айында “WhatsApp” өкілі израильдік “Paragon Solutions” тыңшылық бағдарламалық жасақтама компаниясы журналистер мен азаматтық қоғам мүшелерін қоса алғанда, көптеген пайдаланушыны нысанаға алғанын мәлімдеген болатын.

2022 жылы Палата қауіпсіздік мәселелеріне байланысты “TikTok” әлеуметтік желісін барлық қызметкерлерге пайдалануға тыйым салған еді.

Іздеу
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады