САЯСАТ
2 ... минут оқылды
«Еуропа Ресейдің дрон шабуылдарына дайын емес»
Андрюс Кубилиюс Еуропаны дронға қарсы қорғануға шақырып, артқан Ресей қаупіне байланысты Украинаның тәжірибесін елемеу екі тарапты да әлсірететінін ескертті.
«Еуропа Ресейдің дрон шабуылдарына дайын емес»
ЕО-ның Қорғаныс комиссары Андрюс Кубилиюс / Reuters

ЕО-ның Қорғаныс комиссары Андрюс Кубилиюс дүйсенбі күні Еуропа Ресейдің дрон арқылы жасалатын ықтимал шабуылына қарсы тұруға әзір емес екенін айтып, жақсырақ қорғану үшін Украинаның соғыс жағдайында сыналған қабілеттерін интеграциялауы қажет екенін мәлімдеді.

27 мүшесі бар одақ қыркүйек айында НАТО жойғыш ұшақтарының Польша әуе кеңістігінде ресейлік дрондарды атып түсіруінен кейін дронға қарсы қорғанудағы олқылықтарды жою үшін жедел әрекетке көшкен болатын.

Вильнюсте сөз сөйлеген Кубилиюс: «Ресейдің Польшаға, сондай-ақ Балтық елдері мен Румынияға қарсы дрон арқылы жасаған шабуылдары арандатушылық әрекеттерге түрткі болғанына және екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан ресейлік дрондарды дер кезінде анықтап, оларды жоюға дайын еместігімізді түсінуге неге көп уақыт қажет болды?» - деп сұрады. Ол сөзін «Орыстар үйреніп жатыр. Ал біз?» -  деп қорытындылады.

«Тарихи қателік»

НАТО Польшадағы оқиғадан кейін шығыс қапталына қосымша күш жіберіп, дронға қарсы қорғаныс жүйелерін көбірек орналастырып жатыр.
ЕО да дронға қарсы қорғаныс жүйесін құруды көздейтінін мәлімдеді, алайда егжей-тегжейлі жоспар әлі анық емес және кез келген бастама бірнеше жылға созылуы мүмкін деп болжануда.

Кубилиюстің айтуынша, Еуропа мемлекеттері бұл олқылықтарды толтыруға тырысып жатқанда, Украина мен соғыс жағдайында шыныққан шамамен 800 мың әскери қызметкерден тұратын армияны кең ауқымды қорғаныс құрылымдарының маңызды бөлігі ретінде қосуы тиіс.

«Егер мұны жасамасақ, біз тарихи қателік жібереміз, бұл бізді де, Украинаны да әлсіретеді», - деді Кубилиюс.

ЕО-ның қорғанысын күшейтуге деген қарбалас әрекеттері Еуропа барлау қызметтерінің Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс аяқталған жағдайда алдағы жылдары НАТО-ға мүше елдердің біріне шабуыл жасауға талпыныс жасауы мүмкін деген ескертулерімен қатар жүріп жатыр.

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді