ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Индонезияда қираған интернатта іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды
Шығыс Явадағы “Al Khoziny” исламдық интернатынан барлық құрбандардың денелері шығарылған соң іздестіру-құтқару операциясы ресми түрде тоқтатылды. Мектептің көптеген тәрбиеленушісі қашып құтылған, ал ғимараттың рұқсатсыз салынғаны хабарланды.
Индонезияда қираған интернатта іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды
Құтқарушылар 2025 жылдың 1 қазанында Индонезияның Сидоарджо қаласында құлаған интернат ғимаратының үйінділерінен құрбандарды іздестіруде. / Reuters

Индонезиядағы құтқару топтары сейсенбі күні Шығыс Ява провинциясында құлаған исламдық интернаттың үйінділері астында қалғандарды іздестіру жұмыстарын аяқтады. Төтенше жағдайлар қызметі 60-тан астам адамның денесі табылғанын мәлімдеді.

Сидоарджо қалашығы өткен аптада “Al Khoziny” мектебінің іргетасындағы ақаулардың салдарынан жүздеген адамның үстіне құлаған ғимараттан кейін қайғыға батты. Құлау кезінде негізінен жасөспірім ұлдардан құралған шәкірттер бесін намазын оқып жатқан болатын.

Көптеген адам қашып үлгерді

Төтенше жағдайлар агенттігі ғимараттан 61 адамның денесі табылғанын, сондай-ақ полиция жеке басын анықтауға тырысып жатқан жеті дене бөлігі алынғанын хабарлады. Осы мәлімдемемен бірге бұл оқиға жыл ішіндегі ең ауыр апат ретінде тіркеліп, іздестіру жұмыстары аяқталды.

Құтқару агенттігінің басшысы Мұхаммад Сяфии: « ‘Al Khoziny’ мектебінің қирауына байланысты жүргізілген операциялар ресми түрде аяқталды», – деді.

Құтқарушылар үлкен бетондарды алып тастау үшін экскаватор мен кран қолданды. Тоннель қазу барысында тірі қалуы мүмкін адамдарға үн қатылды.

“Al Khoziny” елдегі ислам медресесі деп аталатын 42 мыңнан астам интернаттың бірі. Қоғамдық жұмыстар министрлігінің дерегінше, олардың тек 50-інде ғана құрылысқа ресми рұқсат бар.

“Reuters” мәліметіне сәйкес, “Al Khoziny”-дің рұқсатнамасы туралы ақпаратқа қол жеткізу және мектеп басшыларымен байланыс орнату мүмкін болмады. Жергілікті БАҚ Сидоарджо өкілі Субандидің өткен аптада мектептің рұқсатсыз салынғанын айтқанын хабарлады.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды