ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия: «Ресей мен Украина арасындағы атыс тоқтауы керек»
Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбі күні «Болашақта құрылуы мүмкін қауіпсіздік күшіне француз, британ және түрік сарбаздарының қатысуы ықтимал»,- деп мәлімдеген болатын.
Түркия: «Ресей мен Украина арасындағы атыс тоқтауы керек»
Түркия: «Ресей мен Украина арасындағы атыс тоқтауы керек» / AA

Түркия Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату келісімі қамтамасыз етілмейінше, Түркияның халықаралық қауіпсіздік күшіне үлес қосуына қатысты ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Министрлік «көпұлтты бейбітшілік миссиясы аясында түрік әскерлері Украинаға жіберілуі мүмкін» деген мәліметтерге қатысты түсініктеме берді.

Мәлімдемеде «Кез келген жерде бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қажеттілік туса, ең алдымен Түрік Қарулы Күштерінің ойға оралуы – олардың мүмкіндіктері, қабілеттері, тиімділігі, тосқауыл болуы және беделінің ең маңызды көрсеткіші», -  делінді.

Министрлік: «Алдымен Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату қажет. Одан кейін міндет нақты анықталып, миссияның шеңбері мен қай елдің қандай көлемде үлес қосатыны айқындалуы тиіс. Түрік Қарулы Күштері өңірімізде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кез келген бастамаға үлес қосуға дайын», -  деп толықтырды.

Бұдан бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон болашақта құрылуы мүмкін қауіпсіздік күшіне француз, британ және түрік сарбаздары кіруі ықтимал екенін мәлімдеген болатын.

Соғыс басталғалы бері Мәскеу және Киевпен теңгерімді байланыс орнатқан Анкара әскер орналастыру туралы ұсыныстарды талқылауға ашық екенін, алайда бұл миссияның мақсаттары мен ауқымы нақтыланған жағдайда ғана мұндай міндетті қабылдай алатынын айтқан болатын.

«Еуропаның қатысуы»

Еуропа елдері АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 28 тармақтан тұратын Украина бейбітшілік жоспарына  түрлі алаңдаушылық білдірді. Жоспардың Украинадан аумақтық және әскери жеңілдіктер талап ететіні, сондай-ақ Киевті берілуге итермелейтіні алға тартылды.

Еуропалық одақтастардың қысымы және АҚШ-Украина өкілдері арасындағы Женева келіссөздерінен кейін жоспардың қайта қаралғаны хабарланды.

Үдеріс алға жылжыған сайын Еуропадағы актерлар келіссөздерге тікелей араласа бастады.

Ұлыбритания, Франция және Германия Украинаның егемендігінің сақталуы, ел территориясынан жер беруден бас тартылуы, қорғаныс қабілетінің қамтамасыз етілуі мен болашақ қауіпсіздік тетіктерін айқындауда Еуропаның араласуы міндетті екенін көрсететін қарсы ұсыныс дайындады.

Ал Анкара батыстан осындай бастамалар келген жағдайда да өз ұстанымының өзгермегенін қайталап, әскер орналастыру жөніндегі келіссөздердің атысты тоқтату орнамайынша, өкілеттіктер нақты айқындалмайынша және қатысушы мемлекеттер арасында міндеттер белгіленбейінше алға жылжи алмайтынын мәлімдеді.

Түркия Қорғаныс министрлігі өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кез келген бастаманы тек осы алғышарттар толық орындалған жағдайда ғана қарастыратынын білдірді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?