ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Вице-президент Джевдет Йылмаз АҚШ өкілі Том Барракті қабылдады
Келіссөз барысында екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, Сирия мен Ирандағы соңғы аймақтық өзгерістерді талқылау және Газа бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі мәселелеріне басымдық берілді.
Вице-президент Джевдет Йылмаз АҚШ өкілі Том Барракті қабылдады
Вице-президент Джевдет Йылмаз АҚШ өкілі Том Барракті қабылдады / AA

Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз бейсенбі күні Анкарадағы Президенттік кешенде АҚШ-тың Түркиядағы елшісі, әрі Сирия бойынша арнайы өкілі Том Барракті қабылдады.

Йылмаз түркиялық «NSosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде кездесу Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, кейбір салаларда ынтымақтастықты арттыруға және аймақтағы соңғы оқиғаларға қатысты пікір алмасуға бағытталғанын атап өтті.

Мәлімдемеге қарағанда, тараптар экономикалық және сауда байланыстарымен қатар, АҚШ-тың «Санкциялар арқылы Американың қарсыластарына қарсы тұру туралы» заңы (CAATSA) аясында Түркияға қолданған шектеулерін қоса алғанда, қорғаныс өнеркәсібіне қатысты мәселелерді қарастырды. Түркия АҚШ-тың жойғыш ұшақтарын сатуға кедергі келтіретін мұндай санкциялардың одақтастық қатынастарға сай келмейтінін бұған дейін де білдірген болатын.

Йылмаз сондай-ақ кездесуде Иран мен Сириядағы соңғы өзгерістер мен Газа бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі аясындағы аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасылғанын жеткізді.

Іздеу
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Хакан Фидан Хендрик Вюстпен кездесті
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Индонезия президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Араб Әмірліктері президентімен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі БАӘ-ге сапарлай барады
Ресей Түркиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады