ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
«Bayraktar AKINCI» Қаратеңізде өткізілген сынақ барысында «SUNGUR» әуе қорғаныс зымыранымен жоғары жылдамдықтағы ұшқышсыз ұшу аппаратын дәл соққымен жойды.
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
"AKINCI" ұшқышсыз ұшу аппараты

«Baykar» компаниясының мәлімдеуінше, ұлттық әрі бірегей технологиялар негізінде жасалған «Bayraktar AKINCI» ұшқышсыз ұшу аппараты әуе шайқасындағы мүмкіндіктерін жетілдіруді жалғастыруда. Осы аяда өткізілген сынақта «ROKETSAN» әзірлеген «SUNGUR» зымыраны әуе нысанасын дәл көздеді.

Сынақ аясында Текирдагтағы Чорлу ұшу даярлығы және сынақ орталығынан көкке көтерілген «AKINCI» Қаратеңіз үстіндегі сынақ аймағына бағыт алды. Синоп жағалауында өткен сынақ кезінде әуеде ұшып бара жатқан дрон «AKINCI»-дан ұшырылған «SUNGUR» зымыранымен дәл соққыға ұшырады. Сынақ сәтті аяқталғаннан кейін «AKINCI» жоспарланған бағытпен Чорлуға қайта оралды.

Бұған дейін «KEMANKEŞ 1» жасанды интеллект негізіндегі шағын қанатты зымыранмен әуе-әуе сынақтарын өткізген «AKINCI ROKETSAN» әзірлеген «EREN» жоғары жылдамдықтағы көп мақсатты айналма оқ-дәрімен де нысананы сәтті жойған болатын.

«SUNGUR» әуе қорғаныс зымыранының да қолданылуы «AKINCI»-ның әртүрлі санаттағы отандық оқ-дәрілерді әуе нысандарына қарсы пайдалану мүмкіндігін кеңейтті. Осылайша ұшқышсыз аппарат әуе шайқасында кең ауқымды қару-жарақ түрлерін қолдана алатынын көрсетті.

Көп деңгейлі операциялық күш

Құрылған күнінен бастап барлық жобаны толығымен өз қаражаты есебінен жүзеге асырып келе жатқан «Baykar» 2025 жылы да ұшқышсыз ұшу аппараттары сегментінде әлемдегі ең ірі экспорттаушы болды. Соңғы үш жыл бойы әлемдік ұшқышсыз ұшу аппараттары нарығында көшбасшы болып келе жатқан компания 2025 жылы экспорт көлемін 2,2 миллиард долларға жеткізіп, рекорд жаңартты. Соңғы жылдары табысының 90 пайызын экспорттан алып отырған «Baykar» Түркияның жоғары технологиялық өнімдер экспортының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды.

«Baykar» «Bayraktar TB2» ұшқышсыз ұшу аппараты бойынша 36 елмен, ал «AKINCI» ұшқышсыз ұшу аппараты бойынша 16 елмен экспорттық келісім жасасты. Жалпы компания 39 елмен экспорттық келісімге қол қойды.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды