САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп үшінші мерзімге президент болудың  жолдарын қарастыруда
Президент Дональд Трамп конституциялық шектеулер үшінші рет сайлануға кедергі келтірсе де, үшінші мерзімге президент болудың жолдарын іздестіріп жатқанын мәлімдеді.
Трамп үшінші мерзімге президент болудың  жолдарын қарастыруда
/ AP

 АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні үшінші мерзімге президент болуға тырысу туралы айтқанын «әзіл емес» деп мәлімдеді. Бұл оның 2029 жылдың басында екінші мерзімі аяқталғаннан кейін елді басқаруды жалғастыруға конституциялық шектеуді бұзудың жолдарын қарастырып жатқанын анық көрсетеді.

«Мұны жүзеге асырудың әдістері бар», – деді Трамп «NBC News»-ке берген телефон сұхбатында.

Сондай-ақ ол «Бұл туралы ойлану үшін әлі ерте», – деді.

1951 жылы Конституцияға енгізілген 22-ші түзетуде «Ешбір адам Президент қызметіне екі реттен артық сайлана алмайды» деп көрсетілген. Бұл түзету Президент Франклин Д. Рузвельт қатарынан төрт рет сайланғаннан кейін қабылданған еді.

«NBC» арнасының тілшісі Кристен Уэлкер Трамптан үшінші мерзімге жетудің бір жолы ретінде вице-президент Джей Ди Вэнсті президенттікке ұсыну, содан кейін «билікті қайта беру» болып болмағанын сұрады.

-Иә, бұл бір жолы, – деп жауап берді Трамп, -Бірақ басқа жолдар да бар.

«Басқа жолын айта аласыз ба?» – деп сұрады Уэлкер. «Жоқ», – деп жауап берді Трамп.

Трамп бұған дейін екі мерзімнен артық қызмет ету туралы әзілдеп айтқан болатын, әсіресе өзіне қолдау көрсететін аудиторияларда.

«Мен қайтадан сайлана аламын ба?» – деп сұраған еді ол қаңтар айында өткен Республикалық партияның өкілдер жиналысында.

 

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады