Ташкентте «Әзербайжан паркі» бой көтереді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ташкентте «Әзербайжан паркінің» іргетасын қалады.
Ташкентте «Әзербайжан паркі» бой көтереді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ташкентте екі ел арасындағы тарихи достық пен бауырластықтың символына айналатын «Әзербайжан паркінің» іргетасын қалады.

Өзбекстанға ресми сапармен барған Ильхам Әлиев Шавкат Мирзиёевпен бірге ел астанасы Ташкент маңында салынып жатқан Жаңа Ташкент қаласындағы бірқатар жобамен танысты.

Мирзиёев пен Әлиев алдымен Жаңа Ташкент қаласын дамыту басқармасына барды.

Мұнда Әлиевке жалпы аумағы 20 мың гектарды қамтитын Жаңа Ташкенттің бас жоспары, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары, көлік және инженерлік инфрақұрылымы, сондай-ақ қаланы одан әрі дамыту жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Ташкентте «Әзербайжан паркі» салынады

Екі президент кейін Жаңа Ташкентте 4 гектар аумақта бой көтеретін «Әзербайжан паркінің» іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Әзербайжанның бай мәдениетін, ғасырлар бойғы тарихы мен ұлттық дәстүрлерін танытатын саябақтың құрылысы Мирзиёев пен Әлиевтің қатысуымен өткен іргетас қалау рәсімінен кейін басталды.

Саябақ бауырлас екі халық арасындағы мәдени жақындық пен достықтың символдарының біріне айналады деп жоспарланып отыр.

Низами Гәнжауи атындағы университеттің жаңа кампусы ашылды

Екі көшбасшы бұдан кейін Жаңа Ташкентте ұлы әзербайжан ақыны Низами Гәнжауидің есімі берілген Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің жаңа кампусының ашылу салтанатына қатысты.

Мирзиёев пен Әлиев кампус алдындағы Низами Гәнжауи ескерткішінің жанындағы баққа ағаш отырғызды.

Көшбасшылар кампустағы білім беру және ғылыми ортамен, ақпараттық-ресурстық орталықпен, сондай-ақ Низами Гәнжауидің өмірі мен мұрасына арналған музей бөлімімен танысты.

Президенттер білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық екі бауырлас халықты одан әрі жақындастырып, жас ұрпақты ортақ рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеуге үлес қосатынын атап өтті.

Іздеу
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Президент Ердоған: "Түркия Сауд Арабиясының жанында"
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды