САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль әскері Газа секторында атқылауды жалғастыруда
Бұл тақырыпқа байланысты ақпарат Газа Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ-ның мәлімдемелерінен кейін жарияланды.
Израиль әскері Газа секторында атқылауды жалғастыруда
Израиль әскері Газа секторында атқылауды жалғастыруда / AP

Бұл тақырыпқа байланысты ақпарат Газа Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтатуға қарамастан шабуылдардың жалғасып жатқанын, 340-тан астам палестиналықтың қаза тауып, шамамен 900 адамның жараланғаны туралы ескертуінен кейін тарады.

Израиль әскері атысты тоқтату келісімін бұзуды күшейтіп, Газа секторындағы үйлерді қиратуды және артиллериялық шабуылдарды жалғастырды.
Анадолы агенттігіне сұқбат берген куәгерлердің айтуынша, әскер Газа қаласының солтүстігіндегі әскер бақылауындағы «сары аймақ» ішінде орналасқан Шуджайя ауданындағы бірнеше үйді жарып жіберген.

Оңтүстіктегі куәгерлер болса, Израиль артиллериясының «сары сызықтан» тыс жатқан Хан-Юнустың шығыс бөліктеріне де соққы бергенін айтты. Материалдық залал туралы ақпарат жарияланбады.

Газа Азаматтық қорғанысының мәліметінше, дүйсенбі кешкісін Газа қаласының әл-Наср ауданындағы бір үйдің ішінде Израильге тиесілі оқ-дәрі жарылып, екі палестиналық қаза тапқан, бірнеше адам жараланған.

Палестинаның БҰҰ-дағы өкілі Рияд Мансур дүйсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесіне жасаған мәлімдемесінде 10 қазандағы атысты тоқтату келісімнен бері Израиль әскері Газа секторында күніне екі палестиналық баланы өлтіріп отырғанын, ал жараланғандар мен қаза тапқандар саны 1 000-ға жеткенін айтты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, келісім күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 342 палестиналық қаза тауып, шамамен 900 адам жараланған.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль әскері Газада шамамен 70 000 адамды өлтірген. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Израиль екі жылға созылған соғыста 170 900-ден астам адамды жаралаған. Бұл соғыс аймақтың басым бөлігін үйіндіге айналдырды.

Іздеу
Иран Cыртқы істер министрі АҚШ президентінің кеңесшілерімен кездесті
Франция президенті Макрон Газадағы жағдайдың баршаға ұят екенін айтты
"Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына қатысты ұсыныс жасады"
БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа баратын Нетаньяху сапарын бір күндік етіп жоспарлады
Ирак премьер-министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы кездесті
Франция Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
АҚШ президенті Трамп Франция президенті Макронмен Нью-Йоркте кездесті
Ирактың Күрдістан аймақтық үкіметі "Пешмерга" күштерін  біріктіру туралы шешім қабылдады
Пәкістан Ішкі істер министрі Накви ресми сапармен Иранға барды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді