ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хирбет әл-Тубада палестиналықтарға тиесілі бірнеше үй өртеніп, алты адам жараланды. Израиль күштері жерде рейд жүргізіп, үйлерді әскери бекетке айналдырды және палестиналықтарды қамауға алды.
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Заңсыз израильдік қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады

Заңсыз израильдік қоныстанушылар сәрсенбі күні Хевронның оңтүстігіндегі Масафер-Ятта аймағында орналасқан Хирбет әл-Туба елді мекеніне шабуыл жасап, палестиналықтарға тиесілі бірнеше үйді өртеді. Салдарынан алты адам жараланды. Сонымен қатар Израиль күштері басып алынған Батыс Шерияға рейдтерін арттырды.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы шабуыл кезінде жараланған үш әйелмен бірге алты адамға медициналық көмек көрсетіліп, олардың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің мәліметінше, қаруланған заңсыз қоныстанушылар бірнеше үйді өртеген. Салдарынан әйелдер мен балалар түтінге уланған.

Жергілікті дереккөздер Израиль күштерінің Бейт-Лахмның оңтүстігіндегі Бейт-Фаджарға, сондай-ақ Рамалланың шығысындағы Кафр-Малик пен Дейр-Джарирге және басқа да елді мекендерге рейд жүргізгенін хабарлады.

Әл-Бира қаласында әскерлер үш үйдің тұрғындарын күшпен шығарып, баспаналарды әскери бекетке айналдырды. Олар жақын маңдағы Умм аш-Шарайит ауданына да орналасып, негізгі жолдарды жауып, палестиналықтардың жүріп-тұруын шектеді.

Ал әл-Мугайир ауылының батысындағы Шааб әл-Лоуз аймағына малдарымен кірген израильдік қоныстанушылар палестиналықтардың жерлері мен мүлкіне шабуылдады.

Ал Израиль күштері басып алынған Шығыс Иерусалимнің солтүстігіндегі Кафр-Акаб елді мекені мен Каландия босқын лагерінде ауқымды операция жүргізді. Каландия медиа орталығы әскерилердің ондаған үйге басып кіріп, бір әйелмен бірге 15-ке жуық палестиналықты қамауға алғанын хабарлады.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы мәлімдемесінде рейд кезінде Израиль әскерлері соққыға жыққан сегіз палестиналыққа көмек көрсеткенін жеткізді. Әскерлер медицина қызметкерлерінің жаралылар мен науқастарға жетуіне кедергі келтіруге тырысқанымен, лагерьден бес науқас қауіпсіз жерге шығарылған.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды