Израиль президенті Ицхак Герцог АҚШ президенті Дональд Трамптың Израильге бөлінетін 4 миллиард долларлық көмекті тоқтату туралы шешімі туралы алдын ала білмегенін айтып, «Бұл шешім мені төбемнен жай түскендей күйге түсірді», – деді.
“The Times of Israel” газетінің хабарлауынша, Израильдегі оппозициялық блоктың ең ықпалды партиясы «Яшар» делегациясымен өткен кеңес барысында президент Герцог: «Америкалық көмектің тоқтатылуы мені қатты алаңдатып отыр. Өте қатты», – деді.
Трамптың АҚШ-та аралық сайлау өткен 3 қараша күні Израильге бөлінетін 4 миллиард долларлық көмекті тоқтату туралы шешіміне қатысты Герцог: «Бұл шешім мені төбемнен жай түскендей күйге түсірді», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Вашингтонмен қарым-қатынасты сақтау үшін Израильде үкімет құрылуы және тағы бір мәрте сайлау өткізілмеуі керек екенін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қараша күні Израильге бөлінетін 4 миллиард долларлық көмектің тоқтатылатынын жариялаған болатын.
Жыл соңына дейін Израильге берілетін көмекті тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін айтқан Трамп: «Енді Израильге қаржы бөлмейміз», – деген еді.





















