САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
Еуропалық үш шенеуніктің айтуынша, блок осы аптада тек шектеулі гуманитарлық жағдайларды қоспағанда, бір реттік кіруге арналған визаларды ғана беруді қарастыратын қатаң виза ережесін қабылдауға дайындалуда.
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды / Reuters

Еуропалық Одақ Ресей азаматтарына виза беру ережелерін қатайтуға дайындалып жатыр. Бұл шаралар аясында көп мәртелі Шенген визаларын беру көп жағдайда тоқтатылады. Бұл туралы “POLITICO” сәрсенбі күні үш еуропалық шенеуніктің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жаңа ережелерге сәйкес, ресейліктерге негізінен бір мәртелі визалар ғана беріледі. Тек шектеулі гуманитарлық жағдайларда немесе ЕО азаматтығы бар азаматтарға ерекше жағдай жасалуы мүмкін. «Бұл ЕО-ның Ресей азаматтарының қозғалысын шектеу және Мәскеудің Еуропадағы ықпалын азайтуға бағытталған тағы бір қадамы», – деді бір шенеунік басылымға.

Бұл шешім 2022 жылы Мәскеумен виза жеңілдету келісімін тоқтатқаннан кейін қабылданды. Ол кезде ресейліктерге ЕО визаларын алу қиындап, қымбаттаған болатын.

Қырғиқабақ соғыс кезеңіне қайта оралу

Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Еуропаның Ресеймен қақтығыс жолын жалғастырып жатқанын және қырғиқабақ соғыс дәуіріндегі тәжірибелерді жаңғыртып, оларға жаңа элементтер қосып жатқанын айтты. «Өкінішке орай, еуропалықтар қырғиқабақ соғыс кезіндегі қақтығыстарға қатысты барлық нәрсені еске түсіріп, соларға жаңа, күрделі элементтерді қосып жатыр», – деді ол.

Жаңа шектеулер

Эстония, Латвия және Литва сияқты кейбір мүше мемлекеттер орыстардың келуіне толықтай дерлік тыйым салды. Виза беру ұлттық мәселе болғандықтан, Брюссель толық тыйым сала алмайды. Дегенмен осы аптада қабылдануы жоспарланған жаңа ережелер ресейліктердің саяхатын шектеуге бағытталған шаралар пакетін құрайды.

Еуропалық комиссияның мәліметінше, 2024 жылы 500 мыңнан астам Ресей азаматына Шенген визасы берілген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда өскен, бірақ соғысқа дейінгі 4 миллион визадан әлдеқайда төмен. Венгрия, Франция, Испания және Италия визаларды беру жағынан әлі де жұмсақ саясат ұстанып отыр.

Сонымен қатар ЕО-ның 19-шы санкциялар пакеті ресейлік дипломаттарға жаңа шектеулер енгізуді қамтиды. Олар Шенген аймағына келер кезде мүше мемлекеттерге хабарлауға міндетті болады. Брюссель мұны «қастық ниеттегі барлау әрекеттерінің артуына» қарсы шара деп атады.

Өз кезегінде Песков орыс дипломаттардың Шенген аймағында қозғалысы қазірдің өзінде шектеулі екенін және Брюссель қарапайым ресейліктерге арналған виза ережелерін одан әрі қатайтуы мүмкін екенін айтты.

Комиссия келесі айда «қастық ниеттегі мемлекеттерге қарсы виза саясатын қолдану» және Ресей мен қауіпсіздікке қауіп төндіретін басқа елдердің азаматтарына қатаң критерийлер енгізу туралы жаңа блоктық виза стратегиясын ұсынуы тиіс.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды