ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Қорғаныс министрі Йеменді қорқытты
Министр: «Хоуситтердің туы Израильдің туымен ауыстырылады»,- деді.
Израиль Қорғаныс министрі Йеменді қорқытты
/ Reuters

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац жұма күні Йемендегі хоуситтер жетекшісі Абдул Малик әл-Хусиді өлтіремін деп қоқан-лоққы көрсетті. Сондай-ақ Израиль туын Йемен астанасы Санада желбірететінін айтты.

Кац 28 тамыз күні Санада болған әуе шабуылына сілтеме жасап, онда Хоуситтер үкіметінің премьер-министрі Ахмед Галиб әл-Рахави мен бірнеше министрдің қаза тапқанын атап өтті. «Х» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде «Абдул Малик әл-Хуси кезегің келді. Сені үкіметіңмен бірге тозақтың түбінде күтіп тұрған қорқақ, зұлым одақ мүшелеріне қосамыз. Хоуситтердің туы Израильдің туымен ауыстырылады», – деді.

28 тамыз күні Израильдің Санаға жасаған әуе соққысында Хоуситтер үкіметінің премьер-министрі Рахавимен бірге бірнеше министр, жалпы саны 12 жоғары лауазымды тұлға қаза тапқан.

Хоуситтер Израильге тиесілі кемелерге зымыран және ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасап келеді. Топ бұл әрекеттерін Израильдің 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газаға жүргізіп жатқан геноцидіне қарымта деп түсіндіреді.

Израиль шабуылдары салдарынан 65 100-ден астам палестиналық қаза тапқан. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Сондай-ақ жүз мыңдаған адам үйсіз қалған.  435 палестиналық ашаршылықтан көз жұмды. Олардың кемінде147-сі  бала.

 

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді