ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирия қыркүйек айында парламент сайлауын өткізеді
Жоғары Сайлау Комитеті сайлаудың 15- 20 қыркүйек аралығында өткізілуі жоспарланып отырғанын хабарлады.
Сирия қыркүйек айында парламент сайлауын өткізеді
/ AA

Сирия Башар Асад режимі құлағаннан кейін алғашқы парламент сайлауын 15-20 қыркүйек аралығында өткізуді жоспарлап отыр.Комитет төрағасы Мұхаммед Таха әл-Ахмадтың мемлекеттік “SANA” ақпарат агенттігіне берген мәлімдемесіне сәйкес, Жоғары Сайлау Комитеті сенбі күні Президент Ахмед әл- Шарамен кездесіп, Сириядағы әртүрлі қауымдастықтармен жүргізілген кеңес нәтижесінде уақытша сайлау заңына енгізілген маңызды өзгерістер туралы ақпарат берді.Ч

Шара сайлаудың Сирияның барлық аймағында өтуінің маңыздылығын атап өтіп, сириялықтардың түгелге жуығы қарсы шыққан аумақтық бөліну идеясын тағы да жоққа шығарды.

Әл-Ахмадтың айтуынша, Сирия президенті соғыс қылмыскерлерін қолдаған немесе олармен ынтымақтастық жасаған тұлғалармен қатар сектанттық пен бөлінуді насихаттаған адамдардың да сайлау процесінен шеттетілетінін мәлімдеген.

Мәлімдемеде жаңартылған жүйе аясында Халық Мәжілісіндегі орын саны 150-ден 210-ға дейін арттырылатыны және орындардың өңірлер бойынша бөлінуі 2011 жылғы халық санағына негізделіп кеңейтілетіні хабарланды. Сондай-ақ президент 210 мүшенің 70-ін тағайындай алатыны айтылды.

Әл-Ахмад уақытша сайлау жүйесіне қатысты президент жарлығы қол қойылғаннан кейін сайлау комитетінің қосалқы комитеттерін құру үшін шамамен бір апта қажет болатынын, ал бұл комитеттердің сайлау органдарын анықтау үшін 15 күн уақыты болатынын мәлімдеді.

Одан кейін үміткерлерді тіркеу процесі басталады және үміткерлерге өздерінің сайлауалды науқандарын дайындау үшін бір апта уақыт беріледі. Осы кезеңде сайлау комиссиялары мен комитет мүшелерімен өткізілетін пікірталастар да науқан бағдарламасына енгізіледі.

Әл-Ахмад сайлаудың 15–20 қыркүйек аралығында өтуі күтілетінін растады және сайлау комиссияларының кем дегенде 20 пайызы әйелдерден тұратынын атап өтті.

Әл-Ахмад сондай-ақ сайлау процесінің азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың бақылауына ашық болатынын атап өтті. Сонымен қатар Жоғары Сайлау Комитеті үміткерлер тізімдері мен түпкілікті нәтижелерге шағымдану құқығын да қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

Сирия Президенттік кеңсесі сенбі кешкісін парламентке қатысты уақытша сайлау заңының соңғы нұсқасының бекітілгенін растады.

13 маусымда Президент Шара Жоғары Сайлау Комитетінің құрылуына қатысты жарлық жариялаған болатын. Бастапқыда парламенттегі орын санын 150 деп белгілеген комитет кейін бұл санды 210-ға дейін арттырды.

Жарлыққа сәйкес комитет сайлау органдарын құруы тиіс. Бұл органдар парламенттің үштен екі бөлігін сайласа, қалған үштен бірін президент тағайындайды.

Комитет белгілеген критерийлерге сәйкес, депутаттық орындар облыстардың халық тығыздығына байланысты бөлінеді және олар қоғам қайраткерлері мен зиялыларға арналған сайлау округтері бойынша айрылады.

Іздеу
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Израиль Ливанға соққы берді
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды