ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Хамас қайтарған мәйіттің тайландтық тұтқынға тиесілі екенін мәлімдеді
Атысты тоқтату келісімі бойынша өзгерістер жалғасуда. Мәйіттер толық қайтарылғаннан кейін Дональд Трамптың Газада атысты тоқтату жоспарының негізгі шарты орындалатын болады.
Израиль Хамас қайтарған мәйіттің тайландтық тұтқынға тиесілі екенін мәлімдеді
Судтисак Ринтхалактың мәйіті Халықаралық Қызыл Крест Комитеті арқылы Газадан шығарылды / Reuters

Премьер-министр кеңсесі бейсенбі күні Израильдің сәрсенбі күні Хамастан алынған тұтқынның таиландтық жұмысшы Судтисак Ринтхалакқа тиесілі екенін анықтағанын хабарлады.

Ринтхалактың мәйіті Газа аймағынан Халықаралық Қызыл Крест комитеті арқылы шығарылып, кейін сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Израиль армиясына тапсырылған.

Қайтарылмаған соңғы тұтқын Израильдің полиция қызметкері Ран Гвилидің денесі (тірі немесе өлі күйінде) әлі де Газада қалып отыр.

Өзара тұтқын алмасудың аяқталуы ˗ АҚШ президенті Дональд Трамптың екі жылға созылған Газа соғысын тоқтатуға бағытталған жоспарының бірінші кезеңіндегі негізгі шарттардың бірі.

Қазан айында жасалған атысты тоқтату келісімі аясында Хамас тірі немесе қаза тапқан барлық тұтқындарды босатуға келіскен болатын. Сол уақыттан бері топ шамамен 2 000 палестиналық тұтқынға қарымта ретінде 20 тірі тұтқынды және 27 мәйітті қайтарды. Бұл атысты тоқтатудың әлі де толық орындалмағанын көрсетеді.

 

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді