ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
АҚШ президенті ХАМАС-ты келісімді қабылдауға шақырып, бұдан кейін жағдайдың жақсы болмайтынын ескертті.
Трамп Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарына келісетінін айтты
/ AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Қатар мен Мысырдың арағайын болуымен өтіп жатқан жанама келіссөздер барысында Израильдің қоршауындағы Газа секторында 60 күндік бітімді бекіту үшін «қажетті шарттарды» қабылдағанын мәлімдеді.

Трамп сейсенбі күні «Truth Social» платформасында жасаған мәлімдемесінде өкілдерінің сол күні Израильдің билік өкілдерімен «ұзақ әрі тиімді кездесу» өткізгенін айтты.  «Израиль 60 күндік КЕЛІСІМДІ нақтылау үшін қажетті шарттарды қабылдады», - деп жазды ол.

Трамптың айтуынша, соңғы ұсыныс араағайын болған елдер  арқылы ХАМАС-қа жеткізіледі.

Трамп: «Мен Таяу Шығыстың игілігі үшін ХАМАС бұл келісімді қабылдайды деп үміттенемін, себебі жағдай жақсармайды, тек нашарлайды»,- деді.

Ол журналистерге берген сұхбатында бітімнің алдағы апта ішінде жүзеге асуына үміт білдіріп, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Вашингтонда кездесетінін растады. Екеуі Газадағы және Ирандағы жағдайды талқылайды.

Трамп Нетаньяхуға байланысты: «Ол осында келеді. Біз көптеген мәселені талқылаймыз. Ирандағы үлкен жетістігімізді де талқылаймыз... Сонымен қатар Газаны да талқылаймыз», - деді.

Израильдің Газадағы геноциді

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль Газа секторында геноцид жүргізіп келеді.
Палестиналық деректерге сәйкес, шабуылдарда 56 600-ден астам палестиналық өлтірілген. Олардың көпшілігі - әйелдер мен балалар.

Палестинаның ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның мәліметінше, үйінділер астында шамамен 11 000 палестиналық болуы мүмкін.  

Алайда сарапшылар нақты өлім саны Газа өкілдері мәлімдегеннен әлдеқайда жоғары екенін, оның шамамен 200 000 адамға жететінін алға тартады.

Вашингтон өз одақтасы Израильге жыл сайын 3,8 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөледі.
2023 жылдың қазан айынан бері АҚШ Израильдің Газадағы геноцидін және көрші елдердегі соғыстарын қолдау үшін 22 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады.

АҚШ-тың жоғары лауазымды билік өкілдері Газадағы бейбіт тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің өте жоғары болуына байланысты Израильді сынға алса да, Вашингтон қару жеткізуге шектеу қою туралы үндеулерді ескермей келеді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты