ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: “Лаңкестікпен күресте ешқандай ымыраға жол жоқ”
Түркия президенті шейіттер мен ардагерлердің отбасыларына хат жазды.
Президент Ердоған: “Лаңкестікпен күресте ешқандай ымыраға жол жоқ”
/ AA

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған лаңкестіксіз Түркия мақсатына жету жолында ешқашан келіссөзге, ымыраға, астыртын және арам пиғылды әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол шейіттер мен ардагерлердің отбасына арнап жазған хатында атап өтті.

Ердоған мемлекеттің әрбір қарыс жеріне шейіттер мен ардагерлердің қаны сіңгенін еске салып, елдің бүгінгі тыныштығы мен қауіпсіздігі ең алдымен олардың жанқиярлық ерлігінің арқасында екенін жеткізді. Ол бұл мұраны сақтау мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Біз не істеп жатқанымызды жақсы білеміз»

Президент өз хатында былай деді: «Мынаған сеніңіз: бұл үдерістің ешбір сәтінде келіссөз, ымыра, астыртын және арам пиғылды әрекеттерге жол берілген жоқ, берілмейді де. Шейіттеріміздің қасиетті рухын мазалап, шейіт отбасылары мен ардагерлеріміздің көңіліне тиетін ешқандай әрекет жасалмады және жасалмайды».

Ердоған сондай-ақ лаңкестіксіз Түркия және аймақ мақсаттарына қол жеткізілгенде ел тарихында жаңа парақ ашылатынын, мыңжылдық бауырластықтың жаңа бір белеске көтерілетінін, ел ішіне егілген алауыздық дәні мәңгі жойылатынын жеткізді.

Президент хатында әрбір азаматтың жауапкершілігін арқалап, «мықты әрі қуатты Түркия» үшін тынымсыз еңбек етуді жалғастырып жатқандарын айтты.

Қанды шынжырды үзуге бел будық

Соңғы 23 жылда жүзеге асқан инвестициялар, жобалар мен реформалардың арқасында Түркия аймақта ғана емес, бүкіл әлемде беделді орынға ие болғанын айтқан Ердоған барлық қиындыққа қарамастан халықпен бірге демократияны нығайтып, құқықтар мен бостандықтарды кеңейткендерін, әскери-бюрократиялық билік құрылымдарын жойып, ұлттық еріктің елдің барлық құрылымдарына үстем болуын қамтамасыз еткендерін айтты.

Терроризмнің барлық түріне қарсы ымырасыз күрес жүріп жатқанын айтқан Президент:

«Елімізді жарты ғасыр бойы мақсатына жетуден тұсаулаған қанды шынжырды халқымызбен бірге үзуге бел бұдық. Алла қаласа, соңында Түркия мен оның маңындағы аймақтың лаңкестік пен қауіп-қатерсіз болашағына қол жеткіземіз», – деді.

Мемлекет басшысының хатындағы басты мәлімдемелер:

·  “Біз не істеп жатқанымызды жақсы білеміз, стратегиялық ақылмен үлкен мақсатқа қадам басып келеміз.

· Бұл үдерістің ешбір сәтінде келіссөз, ымыра, астыртын және арам пиғылды әрекеттерге жол берілген жоқ, берілмейді де.

· Шейіттеріміздің қасиетті рухын мазалап, шейіт отбасылары мен ардагерлеріміздің көңіліне тиетін ешқандай әрекет жасалмады және жасалмайды.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды