ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Францияда аптап ыстық
Франция бойынша түнгі температура 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Билік аптап ыстықтың күшеюіне байланысты елдің ондаған өңірінде ескерту жариялады.
Францияда аптап ыстық
Францияда аптап ыстық / Reuters

«BFMTV» телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні түнде Францияда соңғы жеті жылдағы ең ыстық түн болды. Алдағы күндері аптап ыстық күшеюі мүмкін.

«BFMTV» телеарнасының мәліметінше, түнгі температура 2019 жылдың шілде айындағы аптап ыстықтан бергі ең жоғары деңгейге жетіп, ел бойынша орташа температура шамамен 21,4 градус Цельсийді құрады.

«Météo-France» Париждегі түнгі ең төменгі температура 24,2 градус болғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш соңғы он жылдағы рекордты жаңартты.

Синоптиктер аптап ыстықтың сақталатынын, тіпті апта ішінде күшейе түсетінін болжап отыр.

Францияның көптеген аймағында аптап ыстыққа байланысты қызыл және қызғылт сары деңгейдегі ескерту жарияланды. Кей жерлерде ауа температурасы 40 градус Цельсийге дейін жетуі мүмкін.

«Météo-France» дүйсенбі күні ескерту деңгейін күшейтіп, 49 өңірді қызыл, ал 40 өңірді қызғылт сары қауіп аймағына енгізді.

Францияның Ұлттық білім министрі Эдуар Жеффре демалыс күндері 845 мектепте дүйсенбі күні сабақ тоқтатылатынын, ал 1800 мектепте оқу кестесі өзгертілетінін мәлімдеді.

Францияның Ұлттық азаматтық қауіпсіздік қызметінің өкілі Жером Буланже «ICI Paris» радиосына берген сұхбатында сенбіден бері суға түскен 13 адамның суға батып көз жұмғанын айтты.

Буланже: «Аптап ыстық кезінде жеткілікті мөлшерде су ішу өте маңызды. Алайда адамдар суға түсетін болса, міндетті түрде бақылаудағы жағажайлар мен арнайы орындарды таңдауы керек», – деді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?