ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Стамбулда теңіздегі "Teknofest" басталды
"Teknofest Көгілдір Отан" Түркияның теңіздегі күшін, технологиясын және мәдениетін паш етеді.
Стамбулда теңіздегі "Teknofest" басталды
/ AA

Түркияның жетекші технология, авиация және ғарыш фестивалі "Teknofest" басталды. Биыл фестиваль Стамбулда теңіз тақырыбына арналды. Елдің теңіздегі қуаты мен инновацияларын таныстырды.

Төрт күнге созылатын бұл шара «Көгілдір Отан» атауымен бейсенбі күні Стамбул кеме жасау зауытының базасында басталды. Анадолы агенттігі бұл шараның халықаралық байланыс серіктесі ретінде қызмет атқаруда. Фестиваль бейсенбі күні басталғанымен, жұртшылыққа 30–31 тамыз күндері қатысуға мүмкіндік беріледі.

Фестивальдің ашылу салтанатына Президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

Шара аясында суасты жүйелері, суасты зымырандары және автономды теңіз көліктері бойынша жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл жарыстар фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Түрік Әскери-теңіз күштері өзінің ең заманауи кемелерін, соның ішінде “TCG Anadolu” амфибиялық шабуыл кемесін, “TCG Istanbul” фрегатын, “TCG Burgazada” сүңгуірлерден қорғану корветін, “TCG Orucreis” фрегатын, “TCG Nusret” минатасушы кемесін, сондай-ақ “TCG Sakarya” және “TCG Hizirreis” сүңгуір қайықтарын таныстыруда.

Әскери технологиялардан бөлек, “Teknofest Көгілдір Отан” теңіз тарихы мен мәдениеті туралы көрме, интерактивті виртуалды тәжірибелер және бірқатар конференция ұсынады.

Бұл шарадан кейін “Тeknofest” фестивалінің негізгі нұсқасы 17–21 қыркүйек аралығында Стамбулдағы Ататүрік әуежайында өтеді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?