ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Датчадағы Османлы дәуірінде апатқа ұшыраған кеме 17 ғасырдағы теңіз тарихын ашып береді
Датчаның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған «Қызлан Османлы» кемесінде жалғасып жатқан қазба жұмыстары барысында Осман империясына тиесілі маңызды жәдігерлер табылды.
Датчадағы Османлы дәуірінде апатқа ұшыраған кеме 17 ғасырдағы теңіз тарихын ашып береді
/ AA Archive

 Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, қазба жұмыстарын 9 Эйлюл университетінің су асты зерттеу орталығы (SUDEMER) “Көгілдір мұра” жобасы аясында жүргізіп жатыр.

Биылғы қазба жұмыстары кеме туралы және оның суға батқан кезеңіне қатысты таңғаларлық тұжырымдар берді. Қазба барысында янычарылардың 14 мылтық, 2500-ге жуық қорғасын оқтары мен жарылған зеңбірек оқтары табылды. Бұл кеменің соғыста болғанын көрсетеді.

Бұған қоса, Қытайда Ислам елдері нарықтары үшін шығарылған деп болжанған көк түсті  фарфор ыдыстар болса кеменің арнайы жорық немесе дипломатиялық миссияда болған болуы мүмкін деген болжамға алып келеді. Фарфорлардың қапталған күйде табылуы оның сыйлық болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Экипаж мен сарбаздарға тиесілі деп есептелген жеке заттар да табылды. Оларға темекі түрлері, ағаштан жасалған тарақтар, мыс қазандар, керамикалық құмыралар жатады. Тунистің Джерба ​​аймағынан шыққан керамиканың болуы да кеме Солтүстік Африкадан келген болуы мүмкін деген болжамға жол ашады.

«Қызлан» батқан кемесі түрік су айдынында алғаш рет Османлы  сарбаздары мінген кеменің қалдықтары табылғандықтан тарихи маңызға ие.

Кеменің оң жағындағы бөліктер бұл кеменің құрылыс техникасы туралы құнды ақпарат береді. Барлық жәдігерлер кеменің 17 ғасырдың екінші жартысында бір  шайқастан кейін суға батқанын көрсетеді.

Қазба жұмыстары 2025 жылы аяқталады және бұл жаңалық Османлы теңіз тарихы туралы жаңа мәліметтер береді деп күтілуде.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр