ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мьянманың уақытша президенті У Мьинт Шве 74 жасында қайтыс болды
У Мьинт Шве 2021 жылғы әскери төңкерістен кейін уақытша президент қызметін атқарып келген болатын.
Мьянманың уақытша президенті У Мьинт Шве 74 жасында қайтыс болды
/ AP

2021 жылғы әскери төңкерістен кейін уақытша президент болған Мьинт Шве бейсенбі күні таңертең көз жұмды.

Бұл туралы Мьянманың Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі хабарлады.

74 жастағы Мьинт Шве ел астанасы Нейпьидодағы әскери аурухананың жансақтау бөлімінде емделіп жатқан еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның жағдайы ауыр болған.

2023 жылдың басынан Мьинт Шведің бері қозғалысы баяулап, тамақтану қиындықтары байқалған. Медициналық сараптамалар оның Паркинсон ауруына және оған қатысты неврологиялық бұзылуларға шалдыққанын көрсеткен.

2024 жылдың сәуір айында ол Сингапурдегі “Mount Elizabeth” медициналық орталығында да ем қабылдаған.

Мьинт Шве 2021 жылдың ақпанында Аун Сан Су Чжидің сайланған үкіметі биліктен тайдырылғаннан кейін Мьянма Президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді