ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«Түркия Газаға тұрақтылық күшін енгізуге қатысуы керек»
Елші Том Баррактың айтуынша, Анкараның әскери қуаты мен саяси арналары халықаралық миссияның күшеюіне ықпал ете алады.
«Түркия Газаға тұрақтылық күшін енгізуге қатысуы керек»
«Түркия Газаға тұрақтылық күшін енгізуге қатысуы керек» / AA

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі және Сирия жөніндегі арнайы өкілі Том Баррактың «Jerusalem Post Washington» конференциясы барысында жасаған мәлімдемелеріне сәйкес, Түркияның әскери әлеуеті мен палестиналық тойтарыс тобы Хамаспен байланыс арналарына сүйене отырып, Газада құрылуы жоспарланған халықаралық тұрақтандыру күшіне қосылуы қажет екенін айтты.

Бейсенбі күні израильдік журналист Амихай Штайн «X» желісінде таратқан мәлімет бойынша, Баррак Түркияның қатысуы атысты тоқтату жоспары аясында ұсынылған соғыстан кейінгі механизмнің бір бөлігі саналатын Халықаралық тұрақтандыру күшін айтарлықтай нығайтатынын атап өткен.

Баррак: «Біздің ұсынысымыз мынадай: Түріктердің аймақтағы ең үлкен және ең тиімді құрлық операциясы мүмкіндіктеріне ие болуы және Хамаспен диалог жүргізуі шиеленісті төмендетуге көмектесетін күш құрылымының бір бөлігі бола алады»,- деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспары аясында іске асқан атысты тоқтату келісімі 10 қазанда Газада күшіне енді және 2023 жылдың қазан айынан бері 70 мыңнан астам адамның қаза табуына, шамамен 171 мың адамның жаралануына әкелген екі жылдық Израиль шабуылдарын тоқтатты.

Келісімнің бірінші кезеңінде тұтқын алмасу жүзеге асты. Сонымен қатар жоспар Газа секторының қайта қалпына келтірілуін және Хамассыз жаңа басқару құрылымын құруды көздейді.

«Маңызды рөл»

БҰҰ-ның 2803 нөмірлі қарары Газаның өтпелі кезеңінің негізін айқындады. Бұл негіз Бітім жөніндегі кеңесті, Халықаралық тұрақтандыру күшін және өңір үшін жаңа әкімшілік комитет құруды қамтиды.

Түркия бұл күшке қосылуға дайын екенін меңзеді.

Өткен апта Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейбітшілік үдерісін қолдау үшін  Анкараның бәрін жасауға дайын екенін мәлімдеді. Доха форумында Фидан көптеген елдің Түркияның үдеріске қатысқанын қалағанын айта келе, Түркияның маңызды рөл атқаратынын және миссияға қолдау бере алатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Анкараның соғыстан кейінгі Газа құрылымына қатысты Индонезия, Әзербайжан және өзге де мұсылман және араб әріптестерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Түркияның әскер жіберуге ашық екенін баса айтқан Фидан бұл үдеріс барлық мүдделі тараптардың ұстанымдары мен қабылданатын келісімге байланысты болатынын қосты.

Іздеу
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты
Президент: «Өткен жылы 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық»
Түркия Израильдің халықаралық құқықты бұзуына қарсы халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды
«Түркия мен Армения арасындағы қатынастардың қалыпқа келуі байланыстарды нығайтуға жол ашады»
Түркия АҚШ-тың CAATSA санкцияларын  алып тастауын күтеді
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады