ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Түркияның «Чагры бей» кемесі алғашқы шетелдік теңіз бұрғылау операциясын жүзеге асыру үшін Сомалиге барып, «CURAD-1» ұңғымасын бұрғылауға кірісті.
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады / AA

Түркияның бұрғылау кемесі тарихи миссия аясында Сомалиге жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар хабарлады.

«Чагры бей» кемесі тарихи міндетін орындау үшін Сомалиге жетті», – деп жазды Алпарслан Байрактар Түркияның «Nsosyal» әлеуметтік желісінде. Ол бұл операция Түркия мен Сомалидің энергетика тарихындағы жаңа кезең екенін атап өтті.

Министр Түркияның алғашқы шетелдік теңіз бұрғылау науқаны басталғанын атап өтіп, «Шекарамыздан тыс алғашқы бұрғылау операциямыз сәтті өтсін!», - деді.

Бұл  – Түркияның Сомали түбегіндегі алғашқы теңіз бұрғылау миссиясы.

«Чагры бей» әлемдегі екінші ең терең теңіз ұңғымасын бұрғылауға кіріседі

Түркия «Оруч рейс» кемесінің Сомали жағалауында жүргізген сейсмикалық зерттеулер нәтижесінде бұрғылау алаңы анықталған соң, шетелдегі алғашқы терең теңіз барлау-бұрғылау миссиясын бастады.

Зерттеу кемесі 234 күндік барлау барысында 4 464 шаршы шақырым аумақта дерек жинады.

Жиналған мәліметтер талданғаннан кейін, жетінші буын терең теңіз бұрғылау кемесі «Чагры бей» Могадишо жағалауынан 372 шақырым қашықтықта орналасқан «CURAD-1» ұңғымасын бұрғылауға дайындалды.

Операция 7 500 метр тереңдікке жетуді көздейді және әлемдегі екінші ең терең теңіз ұңғымаларының біріне айналуы мүмкін.

Ұңғыма атауы сомали тілінде «алғашқы бала» мағынасын білдіретін «Curad» сөзінен алынған.

288 күнге созылады деп жоспарланған бұл миссияға шамамен 500 адам қатысады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін энергетикалық флоттан үш көмекші кеме және Түркияның әскери-теңіз күштері қолдау көрсетеді.

Іздеу
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды