ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Ресей шабуылдарынан 78 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін  осы мәселеге байланысты шұғыл отырыс өткізуге шақырды.
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырыс өткізуге шақырды
Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига

Сибига әлеуметтік желідегі парақшасында Украинаның соңғы күндері жаппай әуе шабуылдарына ұшырап жатқанын атап өтті.

«Украина Ресейдің жаңа террорлық шабуылдарына жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді талап етті», – деді ол.

Министр Ресей әскерінің 7 қазанда Прилуки қаласына, ал кеше Краматорскідегі екі жолаушылар автобусына шабуыл жасағанын хабарлады. Сондай-ақ ел астанасы Киевке де соққылар жасалғанын айтып, соңғы күндері 78 адамның қаза тауып, 215 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Сибига Ресей президенті Владимир Путинді соғыс қылмыскері деп атап, оның майдан даласында ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағандықтан, Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы шабуылдарды күшейтіп жатқанын айтты.

Сибига сондай-ақ Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігін заңсыз деп санайтынын мәлімдеді.

«Халықаралық қоғамдастық БҰҰ Жарғысының қағидаттарын ұстанып, Ресейдің әрекеттеріне нақты әрі тиісті жауап берілуін қамтамасыз етуі тиіс», – деді Украина Сыртқы істер министрі.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады