САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуропалық Одақ пен АҚШ сауда келісімі бойынша өзара ымыраға келді
Еуропалық Одақ институттары трансатлантикалық сауда пакетін жүзеге асыруға бағытталған екі нормативтік құжат бойынша уақытша келісімге қол жеткізді.
Еуропалық Одақ пен АҚШ сауда келісімі бойынша өзара ымыраға келді
Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары сауда келісімі бойынша өзара ымыраға келді / AP

Еуропалық Одақ институттары 2025 жылдың 21 тамызында қабылданған Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттарының бірлескен мәлімдемесіндегі тарифке қатысты ережелерді іске асыруға арналған екі нормативтік құжат бойынша уақытша келісімге келді.

Бұл трансатлантикалық сауда пакетінің жекелеген бөліктерін ресми түрде бекітуге және екі серіктес арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық парламент арасында жасалған келісім Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда қатынастарын тұрақтандыруға, сондай-ақ Одақтың экономикалық мүдделеріне қауіп төнген жағдайда тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Мәлімдемеге сәйкес, алғашқы құжат Америка Құрама Штаттарының өнеркәсіп тауарларға салған кедендік баждарын алып тастайды. Сонымен қатар тарифтік квоталар, жекелеген теңіз өнімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларына төмендетілген тарифтер енгізу арқылы Американың экспорттық өнімдерінің бірқатарына берілетін жеңілдікті кеңейтеді.

Екінші құжат тұмсықты теңіз шаян өнімдерінің импортына салынатын кедендік баждарды тоқтату мерзімін ұзартады.

Уақытша келісім заңдық және техникалық тұрғыдан толық рәсімделгеннен кейін Еуропалық Одақ Кеңесі мен Еуропалық парламент тарапынан ресми түрде мақұлдануы тиіс.

Құжаттар Еуропалық Одақтың ресми газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Тұмсықты теңіз шаянына қатысты шаралар 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қолданылады.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді