ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сомали барлау қызметі антитеррорлық операция кезінде «Әл-Шабабтың» 23 мүшесін жойды
Сомали Ұлттық барлау және қауіпсіздік агенттігі (NISA) содырлардың жақын арада Хиршабелле штатында шабуыл жасауды жоспарлағанын хабарлады.
Сомали барлау қызметі антитеррорлық операция кезінде «Әл-Шабабтың» 23 мүшесін жойды
Сомали барлау қызметі антитеррорлық операция кезінде «Әл-Шабабтың» 23 мүшесін жойды / AP

Сомали барлау қызметі антитеррорлық операция кезінде «Әл-Шабабтың» 23 мүшесін жойды. Сомали Ұлттық барлау және қауіпсіздік агенттігі (NISA) сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Әл-Шабабтың» кем дегенде 23 террорисі жойылған төрт операция жүргізілгенін атап өтті.

Агенттіктің мәліметінше, операциялар елдің халықаралық қауіпсіздік бойынша серіктестерімен үйлесімді түрде, Хиршабелле штатының Хиран және Орта Шabelle аймақтарында іске асырылды.

Барлау қызметі террористердің штат аумағында шабуыл бастауға дайындалып жатқан кезінде нысанаға алынғанын айтты.

“NISA” өз мәлімдемесінде «Бұл алдын алу операциялары “NISA-ның” «Хариджи» тобының Махас қаласына жақын маңдағы Ваб-уэйн және Гобо аймақтарында содырларды жинап жатқаны туралы барлау мәліметін алғаннан кейін жүргізілді», — деді.

«Хариджи» — Сомали үкіметінің «Әл-Каидамен» байланысы бар «Әл-Шабаб» террористік ұйымын сипаттау үшін қолданатын термині.

Мәлімдемеге сәйкес, операциялар барысында Хиран аймағындағы Мококори қаласында орналасқан террорист лагері де жойылды. «Әл-Шабаб» 16 жылдан астам уақыт бойы Сомали үкіметіне қарсы бүлікшілік әрекеттер жүргізіп келеді және қауіпсіздік күштерін, шенеуніктер мен бейбіт тұрғындарды нысанаға алады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сомали мен Сауд Арабиясы Қызыл теңіз қауіпсіздігін нығайту үшін қорғаныс келісіміне қол қойды

Сомали армиясы өткен жылдың шілде айынан бастап Африка Одағының Сомалиді қолдау және тұрақтандыру миссиясы (AUSSOM) және басқа да халықаралық серіктестердің қолдауымен «Әл-Шабабқа» қарсы операцияларын күшейтті.

Африка Одағы миссиясының өкілеттігі желтоқсан айында Ұлыбритания қолдаған қарармен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан тағы бір жылға, яғни 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Іздеу
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді