Ирактың Киркук қаласында шамамен бір аптаға созылатын IV дәстүрлі анар фестивалі басталды.
Киркук қаласының орталығындағы Аден ауданында орналасқан Баба Гүргүр саябағында өтіп жатқан шараға халықтың қызығушылығы өте жоғары. Фестиваль ұйымдастырушысы Ибрахим Халил биыл төртінші рет өткізіліп отырған анар фестиваліне халықтың қызығушылығы жоғары екенін айтты.
Халил мұндай іс-шаралардың басты мақсаты отандық өнімді қолдау және оның көлемін арттыру екенін атап өтті. Сондай-ақ Киркук шаруаларына қолдау көрсетуді көздейтіндерін жеткізді.
Оның айтуынша, фестивальде анардың түрлі сұрыптарымен қатар анар шырыны мен анар шәрбаты да ұсынылған. Фермерлер фестивальге шамамен 42 тонна анар әкелген.
Фестиваль 3 қарашаға дейін жалғасады.























