САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль Ливанға шабуыл жасайтынын ескертті
Ливан президенті Аун осы апта басында елінің Израильдің бітімді бұзуын тоқтататын келісімді талқылауға дайын екенін мәлімдеді.
Израиль Ливанға шабуыл жасайтынын ескертті
Израиль бітімге қарамастан Ливанды бомбалады / Reuters

Бір жылдық атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль күштері шабуылдарын күшейтіп жатқан тұста, Қорғаныс министрі Исраэль Кац Израильдің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмейінше Ливанда «тыныштық» орнамайтынын ескертті. Кац сәрсенбі күні Израиль парламентінде сөйлеген сөзінде: «Солтүстіктегі тұрғындарға бағытталған ешбір шабуылға жол бермейміз. Бар күшімізді қолданамыз, тіпті арттырамыз», - деді. Ол бірнеше күн бұрын Бейруттың оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылы кезінде жоғары лауазымды бір Хезболла басшысының өлтірілгеніне тоқталып, «Израиль мемлекетінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенге дейін Бейрутта тыныштық орнамайды,  Ливанда да тәртіп пен тұрақтылық орнамайды», - деп Хезболланы қарусыздандыруға уәде берді.

Жексенбі күні Бейруттың оңтүстік шет аймақтарына жасалған Израиль шабуылы кезінде Хайсам Али Табатабаи қаза тапты. Табатабаи ˗ атысты тоқтату келісімінен кейін Израиль тарапынан өлтірілген ең жоғары лауазымды Хезболла мүшесі.

Оның өлімі АҚШ Ливан үкіметіне Хезболланы қарусыздандыруға қысымды күшейіп, ал Израильдің Ливанға қарсы шабуылдары артқан  кезеңмен тұспа-тұс келді.

Израильдің келісімді бұзуы

Мысыр Сыртқы істер министрі Бадр Абдель Ати сәрсенбі күні Бейрутта Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесуінен кейін, елдерінің Ливанда күшейіп келе жатқан шиеленісті бәсеңдету бағытында жұмыс істеп жатқанын айтты.  «Кез келген шиеленіске алаңдаймыз және Ливанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қатты уайымдаймыз. Ливанды кез келген қатерден және оның қауіпсіздігіне бағытталған агрессивті ниеттерден қорғау үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деді.

Израиль атысты тоқтату келісіміне қарамастан Ливанды бірнеше рет бомбалады.

Ливан президенті Аун осы апта басында, елінің Израильдің атысты тоқтату режимін бұзуын тоқтататын және өткен жылғы келісімнен бері Израиль басып алған бес шекара аймағынан әскерін шығаруды қамтамасыз ететін келісім бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Аун сондай-ақ Израиль әскері шегінген барлық бекіністерде Ливан армиясын орналастыруға дайын екенін атап өтті.

 

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты