ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Бұл талап Ұлыбританияда жұмыс істеуге рұқсаты бар босқындарға қатысты қолданылады.
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек.

Ұлыбритания үкіметі елде босқын мәртебесін алған адамдар жұмысқа орналасқаннан кейін мемлекет көрсеткен баспана мен әлеуметтік қолдау шығындарын өтеу үшін шамамен 10 мың фунт стерлинг қайтаруын көздейтін жоспарды жариялады.

Сейсенбі күні парламентке ұсынылған жаңа Көші-қон және баспана туралы заң жобасы аясындағы бұл өзгеріс жеткілікті табыс табатын ересектерді аталған соманы бөліп төлеуге міндеттейді.

Бұл талап Ұлыбританияда жұмыс істеуге рұқсаты бар босқындарға қатысты қолданылады. Сондай-ақ олар елде тұрақты тұру құқығын алғанға дейін бұл соманы толық өтеуі тиіс.

Ішкі істер министрі Шабана Махмуд баспана беру тек құқық қана емес, сонымен бірге жауапкершілік жүктейтінін айтты. Оның сөзінше, адамдар қаржылай үлес қоса алатын жағдайға жеткен кезде британ қоғамының көрсеткен қолдауын өтеуі керек.

Заң жобасына сәйкес, баспана сұрауы қабылданбағанымен елде қалып қойған адамдар да табысы белгіленген шектен асқан жағдайда осы шығындарды өтеуге міндеттеледі.

Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы босқындарды қолдауға шамамен 4 миллиард фунт стерлинг жұмсалған.

“Refugee Council” сияқты азаматтық қоғам ұйымдары бұл жоспарды босқындарға салынатын қосымша салық деп бағалап, әділетсіз шешім екенін мәлімдеді. Ал Оксфорд университетінің Көші-қон обсерваториясының сарапшылары босқындар арасындағы жұмыспен қамту деңгейінің төмендігіне байланысты үкімет көздеген қаржыны толық жинау қиын болатынын айтады.

Оппозициядағы Консервативтік партия болса, Лейбористер үкіметін бұл саясатты өздерінің бастамасынан көшіріп алды деп айыптады.

Іздеу
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты