ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Сирия президенті «мықты Сирия» құруға уәде берді
Ахмет Шара Дамаск қаласындағы мешітте таң намазын оқығаннан кейін сөз сөйледі.
Сирия президенті «мықты Сирия» құруға уәде берді
Сирия президенті «мықты Сирия» құруға уәде берді / AA

Сирия президенті Ахмет Шара елінің «бүгіні мен өткеніне лайық» қайта қалпына келтірудің жаңа кезеңіне енетінін уәде етті. “Бұл сөздерді ол Башар Асад режимінің құлағанына бір жыл толуын атап өту барысында айтты”, деп хабарлады Сирия Араб Жаңалықтар Агенттігі (SANA).

Дүйсенбі күні Дамаскідегі мешітте таң намазын оқып шыққаннан кейін сөйлеген сөзінде Шара сириялықтарға былай деді: «Кім болса да, қаншалықты мықты болса да, біздің жолымызға кедергі бола алмайды. Ешқандай кедергі бізді тоқтата алмайды және біз, Құдай қаласа, әрбір сынаққа бірге төтеп береміз.»

Президент келесі кезең «әлеуметтік осал топтарды қолдау және адамдар арасында әділеттілікті қамтамасыз ету» негізінде жүргізілетінін атап көрсетті.

Жақсы болашаққа

Сириялықтар 61 жылдық Баас режимінің құлағанына бір жыл толуын атап өтті. Олар елдерінің еркін, қауіпсіз мемлекетке айналып жатқанына деген үміттің жаңаруын байқайды.

Бас қала Дамаск тұрғындары биліктен кеткен Башар Асад режимі кезіндегі азаптар аяқталғанын айтып, жаңа әкімшілік Сирияны, әсіресе бостандық, экономика және қауіпсіздік салаларында жақсырақ болашаққа бастап әкеледі деп сенім білдіруде.

Асад режимі құлағаннан кейін құрылған жаңа үкімет электр қуаты мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары сияқты негізгі қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін шешімдерді енгізу бағытында қадамдар басуда.

Сонымен қатар 14 жыл бойы жүргізілген бомбалаудан қатты зақымданған елдің электр желісін жөндеу және күту жұмыстары басталды.

Энергетика министрлігі негізгі электр станцияларындағы жұмыстар және Түркияның қолдауымен Әзербайжаннан алынған табиғи газ арқасында өндірістік қуат өскенін айтты.

Ал бұрынғы басқару кезінде электр күніне бірнеше сағат қана берілсе, жаңа шаралар оны тез арада күнделікті 8–10 сағатқа ұзартады.

Іздеу
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады