ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қытай, Иран, Ресей дипломаттары ядролық келіссөздерді қайта жандандыруда
АҚШ Тегеранның ядролық бағдарламасын шектейтін және санкцияларды жеңілдеткен тарихи келісімнен шыққаннан кейін Қытай, Ресей, Иран дипломаттары келіссөздерді қайта жүргізе бастады.
Қытай, Иран, Ресей дипломаттары ядролық келіссөздерді қайта жандандыруда
/ Reuters

Қытай, Ресей және Иран дипломаттары Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған келіссөздерді қайта бастау үшін кездесті. Мемлекеттік БАҚ кездесудің Қытайда өткенін хабарлады.

Иран Вашингтон 2015 жылғы келісімнен шыққаннан кейін бір жыл бойы өз міндеттемелерін орындап, кейін қысқарта бастады. Содан бері келісімді қайта жандандыру әрекеттері сәтсіз аяқталды.

Қытай үкіметі “жұма күнгі келіссөздердің мақсаты - байланыс пен үйлестіруді нығайту және диалог пен келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру», - деп мәлімдеді.

Қытайдың “CCTV” мемлекеттік телеарнасы жариялаған кездесудің қысқаша мәліметінде үш дипломаттың Иранның ядролық мәселесі мен басқа да мәселелер бойынша пікір алмасқаны баяндалды.

Келіссөздер туралы қосымша ақпарат жарияланбаса да, кездесуге Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосю, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков және Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казым Гарибабади қатысқан.

Трамптың қатал саясаты және Иранның жауабы

Қаңтарда Ақ Үйге оралған Трамп Иранға қарсы санкцияларды қамтитын «максималды қысым» саясатын қайта енгізіп, алғашқы мерзіміндегі тәсілін жалғастырды.

Ол Иранмен жаңа келіссөздер жүргізуге шақырды, бірақ Тегеран санкциялар алынбайынша тікелей келіссөздерден бас тартты.

Тең шарттарда келіссөздер жүргізу сұранысы

Осы аптада Трамп Иранға хат жолдап, ядролық келіссөздерді бастап, басқаша әскери әрекет ету мүмкіндігін арттыру керектігін мәлімдеді.

Иран әкімшілігінің бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Трамптың Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиге жазған хатын қарап жатқанын айтылған.

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бейсенбі күні үкіметтің ресми газетіне берген сұқбатында «АҚШ санкцияларды алып тастауы керек», - деді.

“Біз қысым мен қоқан-лоққысыз тең шарттарда келіссөздер жүргізе алатын және халқымыздың ұлттық мүдделері қорғалатынына сенімді ортада тікелей келіссөздерді бастаймыз», - деді министр.

Иранның уранды байыту деңгейі артып келеді

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің өткен айдағы есебінде Иран өзінің тазалығы 60% жоғары уран қорын айтарлықтай арттырған. Бұл көрсеткіш ядролық қару өндіруге қажетті 90 пайыз деңгейіне өте жақын. Бірақ Иранның рухани көсемі Хаменеи осы аптада жасаған мәлімдемесінде «елімізде ядролық қару жоқ және мұндай қару жасауға тырыспайды», - деді.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық атом энергиясы агенттігінің ақпан айында жариялаған тоқсандық есебінде Иранның байытылған уран қорын айтарлықтай арттырып, 60 пайызға жеткізгенін және бұл ядролық қару өндіруге қажетті 90 пайыздық деңгейге жетуге өте жақын екенін хабарлаған болатын.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді