САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ердоғанмен келіссөзден кейін АҚШ Сирияға салынған санкцияларды алып тастады
«Мен Сирияға өркендеуге мүмкіндік беру үшін санкцияларды алып тастауды бұйырамын», - деді АҚШ президенті Трамп.
Ердоғанмен келіссөзден кейін АҚШ Сирияға салынған санкцияларды алып тастады
/ Reuters

Трамп президент Режеп Тайып Ердоғанмен және басқа аймақ басшыларымен кеңескеннен кейін АҚШ-тың Сирияға қарсы «қатаң және жойқын» санкцияларын алып тастауға бұйрық беретінін айтты.

«Сириядағы жағдайды Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасымен, сондай-ақ кеше маған телефон соғып, осындай өтініш жасаған Түркия президенті Ердоғанмен және мен құрметтейтін Таяу Шығыстағы достарыммен сөйлескеннен кейін Сирияға қарсы санкцияларды тоқтатуды тапсырамын», - деді Трамп Эр-Риядтағы инвестициялық форумда.

Трамп Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманды меңзеді. Ханзада да кездесуге қатысқан болатын.

«Қазір олардың жарқырайтын уақыты. Біз барлық тосқауылды жойып жатырмыз», - деді Трамп. «Сондықтан мен Сирияға сәттілік тілеймін. Сауд Арабиясындағыдай ерекше бір нәрсені көрсетіңіз» деді ол. Бұл қарар Трамп АҚШ-тың Сирияға салған санкцияларын алып тастауды қарастырып жатқанын мойындағаннан бір күн өткен соң шықты. Шешім батыс елдері басшыларының биліктен қуылған Башар Асад режимі кезінде Дамаскке салған экономикалық санкцияларды алып тастауға бағытталған соңғы қадамы ретінде қарастырылуда.

Сирияны 25 жылға жуық басқарған Асад желтоқсанның 8-і күні Ресейге қашып кетті, ал Баас партиясының билігі режимге қарсы топтар Дамаскті бақылауға алғаннан кейін  аяқталған болатын.

Франция президенті Эммануэль Макрон өткен апта Парижде Сирия президенті Ахмед әл-Шараны қабылдап, ЕО Сирияға қарсы санкцияларды біртіндеп алып тастайтынын айтты.

 Трамп әл-Шарамен кездеседі

Ақ Үй өкілінің айтуынша, Трамп сәрсенбі күні Сауд Арабиясына сапары барысында әл-Шарамен кездесуге келісті. «Президент ертең Сауд Арабиясында Сирия президентімен сәлемдесуге келісті», - деді аты-жөнін атамауды сұраған ресми өкіл.

Кездесу Эр-Риядта өтеді деп жоспарланды. Трамп қаңтарда қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапары аясында сейсенбі күні Эр-Риядқа барған болатын.  Трамптың аймақтық сапарына Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жоспарланған сапарлары да кіреді.

Сондай-ақ Трамп Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың осы аптада Түркияда Сирия Сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбанимен кездесетінін айтты.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді