ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламентінің шешімін құптады
Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз: «Бұл шешім -  Солтүстік Кипр түрік халқының өз егемендігін, ұлттық құндылықтарын және болашағын қорғауға деген берік ниетінің айқын көрінісі», - деді.
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламентінің шешімін құптады
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламентінің екі мемлекет негізіндегі шешімін құптады / AA

Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Мәжілісінің сейсенбі күнгі Кипр мәселесіне қатысты екі мемлекет негізіндегі шешімін құптады.

Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмаз түрік әлеуметтік желісі «Nsosyal» арқылы жасаған мәлімдемесінде былай деді: «Бұл шешім -  Солтүстік Кипр түрік халқының өз егемендігін, ұлттық құндылықтарын және болашағын қорғауға деген берік ниетінің айқын көрінісі».

«Елу жылдан астам уақыт бойы нәтиже бермеген федерация моделі енді өз маңызын жоғалтты. Аралда шынайы, тұрақты және әділ шешім тек екі тең егемен мемлекет негізінде ғана мүмкін. Осы тарихи шешімді қабылдаған барлық депутаттарды құттықтаймыз және Кипр түрік халқының болашағы, тыныштығы мен абыройы жолында көрсеткен ұстанымдары үшін алғыс айтамыз. Біз Кипр түріктерінің шешім қабылдау және өз болашағын айқындау құқығына қолдау көрсетуді жалғастырамыз», - деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасынсыз түрік әлемінің «толық емес» екенін айтты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы бұл шешімді көпшілік дауыспен қабылдады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Кипр мәселесіне қатысты жан-жақты шешім табуға бағытталған талпыныстарына қарамастан, аралда грек және түрік қауымдары арасында келіспеушілік ондаған жыл бойы жалғасып келеді. 1960 жылдардың басында басталған аралдағы түріктерге қарсы этникалық шабуылдар Кипр түріктерін белгілі аймақтарға шоғырлануға мәжбүр етті.

1974 жылы Кипр гректері Грекияның аралды аннексиялау жоспарын қолдау мақсатында төңкеріс ұйымдастырды.  Түркия кепіл ел ретінде Кипр түріктерін қудалау мен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін аралда әскери операция жүргізді. Осы оқиғалардың нәтижесінде 1983 жылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы құрылды.

Түркия, Грекия және Ұлыбритания сияқты кепіл елдердің қолдауымен 2017 жылы Швейцарияда басталған бірақ сәтсіз аяқталған келіссөздермен қатар аралдағы бейбіт процесті қайта жандандыру үшін түрлі бастамалар жасалды.

Оңтүстік Кипр грек әкімшілігі 2004 жылы Еуропалық Одаққа мүше болды. Сол жылы олар БҰҰ ұсынған және ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан дағдарысты шешуге бағытталған жоспарды қабылдамады.

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты