ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік қорғаныс компанияларының дрондары өмір құтқарады
Түркияның жоғары жүк көтергіш дрондары Вьетнамдағы апатта құтқару операцияларындағы маңызын айқын көрсетті.
Түрік қорғаныс компанияларының дрондары өмір құтқарады
"Zyrone Dynamics", "Titra Technology" және "DASAL" сияқты жетекші компаниялар қиын апат жағдайларында қолданыла алатын өнімдер шығарады. / AA / AA

Түркияның алдыңғы қатарлы фирмалары табиғи апаттар кезіндегі құтқару жұмыстарын жеңілдету мақсатында қиын жағдайларда адам өмірін құтқаруға арналған ұшқышсыз әуе аппараттарын әзірлеуде. Бұл үрдіс дрондардың қатерлі ортада адам құтқаруда жиілеп қолданылуымен қатар өрбіп келеді.

Жуырда Вьетнамның Ки Жут ауданы маңындағы Срепок өзенінің ортасында сел салдарынан қалып қойған бір ер адам дрон арқылы қауіпсіз жерге жеткізілді.

Дәстүрлі құтқару әдістері сел суы мен күрделі жер бедеріне байланысты нәтиже бермегенде ауыл шаруашылығына арналған бір дрон апаттан зардап шеккен адам үшін нағыз құтқарушыға айналды.

100 килограмм жүк көтере алатын дрон ер адамды қауіпсіз аймаққа тасымалдап, құтқарушылар оның судан аман шығуын қамтамасыз етті.

Түркиялық “Zyrone Dynamics,Titra Technology жәнеDASALсияқты жетекші компаниялар қиын апат жағдайларында қолдануға болатын өнімдер әзірлеп келеді.

Zyrone Dynamics компаниясының ZD360 жүк дроны — 60 килограмм жүкпен 10 шақырым радиуста жұмыс істей алатын жаңа буын технологиясы.
Ал 100 килограмм жүкпен жүктелгенде дронның ұшу қашықтығы шамамен 1 шақырымды құрайды.

Дронның өлшемі ұқсас жүйелерден шамамен төрт есе кіші болғандықтан оны кез келген жерге көлікпен жеткізуге әрі жедел орналастыруға мүмкіндік бар.

Titra Technology компаниясының Alpin атты дроны Түркияның алғашқы ұшқышсыз тікұшағы ретінде ерекшеленеді.
Құрылғы жанармайды қоса есептегенде 200 килограммға дейін пайдалы жүк көтере алады.

DASAL ұсынатын PUHU C75 сияқты бірнеше жүк дроны да бар. Олар 75 килограмм көтере алады.

DASAL сонымен қатар 150 килограмм көтере алатын және 30 минут ұшу уақытына ие CONDOR-C150 моделін де әзірледі.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай жүйелер құтқару топтарын қауіпті аймақтардан алыста ұстап, жедел әрі тиімді әрекет арқылы адам шығынын және апаттардың экологиялық-материалдық залалын азайтуда маңызды рөл атқара алады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті
Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді