ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ирак Ормуз бұғазы жабылғандықтан Керкук-Түркия құбыр желісіне бет бұруда
Шығанақтағы қақтығыс әлемдегі ең маңызды мұнай өткелдерінің бірінде тасымалды тоқтатқандықтан, Бағдат өндірісті азайтып, жаңа экспорттық бағыттарды іздестіруде.
Ирак Ормуз бұғазы жабылғандықтан Керкук-Түркия құбыр желісіне бет бұруда
Ирак Ормуз бұғазы жабылғандықтан Керкук-Түркия құбыр желісіне бет бұруда / Reuters

Ормуз бұғазының жабылуы мұнай жөнелтілімдерін тоқтатқаннан кейін Ирак шикі мұнай экспорты үшін балама жолдар дайындап жатыр. Ресми тұлғалар Керкүк-Джейхан мұнай құбыры арқылы Түркияға экспорт бірнеше күн ішінде қайта басталуы мүмкін екенін хабарлады.

Ирак премьер-министрінің орынбасары, әрі Мұнай министрі Хайян Абдулгани аймақтық соғыс тудырған іркілістерден кейін экспорттық әлеуетті қайта қалпына келтіру үшін Бағдат билігінің шұғыл қадамдар басып жатқанын атап өтті.

Абдулгани Ирактың ОПЕК квотасы аясында күніне шамамен 4,4 миллион баррель мұнай өндіретінін, оның шамамен 3,4 миллион баррелі экспортталатынын айтты. Экспорттың басым бөлігі Басра мұнай терминалы сияқты оңтүстіктегі нысандар арқылы жүзеге асырылып келген.

Алайда Шығанақтағы энергия тасымалы үшін өмірлік маңызы бар теңіз жолы — Ормуз бұғазының жабылуы Иракты экспортты тоқтатуға және өндірісті күрт азайтуға мәжбүр етті. Министр: «Мұнай өндіру қазір ішкі сұранысты қанағаттандыру мақсатында күніне шамамен 1,5–1,6 миллион баррель деңгейіне дейін төмендетілді», — деді. Ол мұнай өңдеу зауыттары бензин, дизель, сұйытылған газ және басқа да жанармай түрлерін қамтамасыз ету үшін толық қуатында жұмыс істеп жатқанын қоса кетті. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық резервтер де сақталуда.

Жаңа экспорт жолдары іздестірілуде

Бағдат әкімшілігі мұнайдың әлемдік нарыққа шығуын жалғастыру үшін қазір бірнеше балама экспорттық бағытты қарастыруда. Абдулгани мұнайдың жақын арада Керкук құбыры арқылы Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Джейхан портына тасымалдануы мүмкін екенін айтты. Бұл желі тәулігіне 200 мыңнан 250 мың баррельге дейін тасымалдау мүмкіндігіне ие.

Құбыр желісіндегі сынақ және техникалық қызмет көрсету жұмыстары негізінен аяқталған, ал шамамен 100 шақырымдық бөлімде жүріп жатқан гидростатикалық сынақтар бір апта ішінде бітеді деп күтілуде. Желі іске қосылғанда шикі мұнай тікелей Керкук кен орындарынан құбырға жіберіледі және Ирак Күрдістан аймақтық басқармасының бақылауындағы аймақтардан өтпестен Түркияға жеткізіледі.

Ирак сонымен қатар мұнайды Сириядағы Банияс порты арқылы жөнелту және Иорданиядағы Акабаға созылатын құбыр желісі арқылы экспорттау сияқты қосымша нұсқаларды да талқылап жатыр. Бұл дайындықтар Шығанақтағы қақтығыстың жаһандық энергиямен қамтамасыз етуге тигізетін экономикалық әсерінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы