Сирияның орталық бөлігіндегі Хама уәлаятында белгісіз қарулы адамдардың шабуылынан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты.
Сирияның ресми «SANA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әзірге кім екені анықталмаған қарулы адамдар Хама қаласында қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған.
Шабуыл салдарынан 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Оқиғадан кейін шабуыл жасағандарды анықтап, ұстау үшін аймақта ауқымды іздестіру және тексеру жұмыстары басталды.


















