ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Емине Ердоған зұлымдыққа қарсы бірлікке шақырды
Түркия президентінің жұбайы Емине Ердоған екі жыл ішінде Газаның 67 160 жазықсыз адам, соның ішінде 20 мыңнан астам бала қаза тапқан қасірет алаңына және адамзаттың ар-ожданы жойылған жерге айналғанын атап өтті.
Емине Ердоған зұлымдыққа қарсы бірлікке шақырды
Емине Ердоған зұлымдыққа қарсы бірлікке шақырды / AA

Түркия президентінің жұбайы Емине Ердоған Израильдің Газадағы геноцидінің екі жылдығында сөз сөйлеп, Израильді бүкіл әлемнің көз алдында палестиналықтарды жоюға тырысып жатыр деп айыптады.

Емине Ердоған  «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Адамгершілік бағдарын жоғалтқан бір мемлекет әлемнің көз алдында Палестина халқын жоюға ұмтылуда. Алайда зұлымның зұлымдығы артқан сайын геноцидке қарсы біріккен халықтың үні де күшеюде», - деді.

Ердоған соңғы екі жылда Газаның 67 160 жазықсыз адам, соның ішінде 20 мыңнан астам бала қаза тапқан, адамзаттың ар-ожданы жойылған жерге айналғанын айтты. Сондай-ақ Израиль шабуылдарында адамгершілік, құқықтық және этикалық шекара қалмағанын  атап өтті.

Ердоған қоршаудағы аймаққа бағытталған соңғы Жерорта теңізіндегі гуманитарлық флотилияға сілтеме жасап, «Әлемнің түкпір-түкпірінен келген белсенділер әуеден, құрлықтан және теңізден Газа үшін күш біріктіруде. Ар-ожданы бар барлық адамды әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнағанша Палестина үшін бірлікке шақырамын.
Израиль шабуылдарында шейіт болған палестиналық бауырларымызды мейіріммен еске алып, Жаратқаннан Палестина халқы үшін жеңіс пен тыныштық тілеймін», - деді.

Жазбада Емине Ердоғанның Газаға қатысты бұрынғы мәлімдемелерінен үзінділер мен аймақтағы жағдайды бейнелейтін видео да қамтылған.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін