ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қытай, Ресей және Моңғолия шекара қауіпсіздігі үшін бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырды
Қытай, Ресей және Моңғолия осы аптада алғашқы бірлескен шекаралық қорғаныс жаттығуларын өткізді. Қытай армиясының мәлімдемесінде бұл жаттығудың үш көрші ел арасындағы қауіпсіздік үйлестіруін күшейткені атап өтілді.
Қытай, Ресей және Моңғолия шекара қауіпсіздігі үшін бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырды
/ AP

Қытай Халық-азаттық армиясы ресми “Weibo” парақшасында “Шекаралық қорғаныс ынтымақтастығы 2025” деп аталған жаттығудың дүйсенбі және сейсенбі күндері үш елдің ортақ, жарияланбаған шекара аймағында өткізілгенін хабарлады.

Тікелей жаттығулардың мақсаты “үш тарап арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты күшейту, шекара қауіпсіздігіне төнетін қатерлермен күресу қабілетін арттыру және стратегиялық өзара сенімді одан әрі нығайту” деп түсіндірілді.

“Weibo” арқылы жарияланған жазбада жаттығулар барысында “қай елдің аумағы болса, сол ел басшылық жасайды, көпжақты кеңесу және параллельді басқару” қағидатымен жұмыс істейтін бірлескен қолбасшылық орталығы Қытай аумағында құрылғаны айтылды.

Бұл жаттығулар үш ел басшысының 2 қыркүйекте Пекинде өткізген үшжақты кездесуінен кейін бірден жүзеге асты. Бұл кездесу Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитіне төрағалық етіп, Батыстан тыс 20-дан астам ел көшбасшыларын қабылдаған шарасынан бір күн өткен соң болды. Си бұл саммитте жаңа жаһандық қауіпсіздік пен экономикалық тәртіп құруға шақырған еді.

Моңғолия 2004 жылдан бері ШЫҰ-ға бақылаушы мемлекет мәртебесімен қатысып келеді және Үндістан, Пәкістан мен Иран сияқты елдер толыққанды мүше болғанына қарамастан, мүшеліктен бас тартып келеді. Дегенмен Пекин 10 елден тұратын бұл топқа Моңғолияның толыққанды мүше ретінде қосылуы үшін қысым көрсетуді жалғастыруда.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр