ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
«SAHA 2026» халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі жәрмеңкесі Стамбул көрме орталығында өтіп жатыр.
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты / TRT Afrika English

«SAHA 2026» аясында жәрмеңкеге қатысқан шет мемлекеттердің жоғары лауазымды өкілдерінен құралған делегация Атакөй жағалауында тұрған «TCG Anadolu» кемесіне барып, оның мүмкіндіктерімен танысты.

Түркия мен Еуропадағы ең ірі қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі кластері саналатын, «SAHA İstanbul» ұйымы ұйымдастырған «SAHA 2026» халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі жәрмеңкесі Стамбул көрме орталығында өтіп жатыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулда «SAHA 2026» көрмесі басталды

Анадолы агенттігі жаһандық коммуникациялық серіктес болған көрме аясында «SAHA 2026»-ға қатысқан шетелдік жоғары лауазымды тұлғалардан құралған делегация Түркия қорғаныс өнеркәсібінің символдық платформаларының бірі саналатын «TCG Anadolu» кемесіне барды.

Сапарға қатысқан делегация құрамында Нигериядан министр деңгейіндегі, Оңтүстік Корея мен Португалиядан адмирал деңгейіндегі, Моңғолия мен Қырғызстаннан генерал деңгейіндегі өкілдер бар. Сонымен қатар Жапония, Гватемала, Испания, Хорватия, Иордания, Литва, Алжир, Румыния және Түрікменстаннан жоғары лауазымды тұлғалар да делегация құрамына енді.

Әскери және ресми делегация Атакөй жағалауына сапары барысында Түркияның көп мақсатты шабуыл кемесі «TCG Anadolu»-ның техникалық мүмкіндіктері мен операциялық әлеуетімен танысты. Ресми тұлғаларға кеменің техникалық сипаттамалары мен жұмыс істеу қуаты туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Әсіресе ұшқышсыз әуе аппараттарымен бірлескен операция жүргізу қабілеті, амфибиялық операция мүмкіндіктері және көпқырлы қолдану әлеуетімен ерекшеленетін кеме шетелдік делегацияның назарын аударды. Сапар делегация мүшелеріне Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі технологиялық жетістіктерін жақыннан көруге мүмкіндік берді.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін «SAHA 2026» аясындағы кездесулер Түркия мен түрлі мемлекеттер арасындағы қорғаныс және технология салаларындағы байланыстардың дамуына үлес қоспақ.

Қатысты«SAHA 2026» көрмесінде «TCG Anadolu» кемесі таныстырылуда - TRT Қазақ - TRT Қазақ

 

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді