САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Қызметкерлерге орталыққа қайта оралуға тыйым салынғаны хабарланды.
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды

Израиль өзінің басқыншылығы астындағы Шығыс Иерусалимнің солтүстігінде орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру агенттігіне (UNRWA) тиесілі Календия білім беру орталығын басып алды.

Палестина әкімшілігіне қарасты Иерусалим губернаторлығы жасаған мәлімдемеде «Израиль басып алушы күштері UNRWA қызметкерлерінің барлығын Календия білім беру орталығынан шығарды», — делінген.

Мәлімдемеде Израиль күштерінің қызметкерлерге орталыққа қайта оралуға тыйым салынғанын ескерткені айтылды.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде болса, UNRWA білім беру орталығының басып алынуы «Иерусалим муниципалитетінің Шығыс Иерусалимнің Кафр-Акаб ықшамауданындағы жаңа білім беру және әлеуметтік кешенді қайта жаңарту жұмыстарын бастағаны» ретінде көрсетілді.

Мәлімдемеде «UNRWA-ның жерге ешқандай меншік құқығы болмауына қарамастан, жерді ондаған жылдар бойы шарбақпен қоршап алғаны» алға тартылды.

«UNRWA-ның Израильдегі қызметіне заңды түрде тыйым салынғанына» назар аударылған мәлімдемеде 2024 жылдың қазан айында Израиль Парламенті қабылдаған заңға сілтеме жасалды.

Израиль қызметіне тыйым салынған UNRWA орталығын қиратты

Израиль Парламенті 2024 жылдың қазан айында кейбір UNRWA қызметкерлерінің 2023 жылғы 7 қазандағы оқиғаларға қатысы бар деген айыппен Агенттіктің Израиль мен Шығыс Иерусалимдегі қызметіне тыйым салатын түзетуді мақұлдаған болатын.

Тель-Авив әкімшілігінің UNRWA қызметіне тыйым салу туралы шешімі 2025 жылдың 30 қаңтарында күшіне еніп, БҰҰ қызметкерлері Шығыс Иерусалимнен кеткен еді.

Израиль күштері 2026 жылдың қаңтар айында UNRWA-ның Шығыс Иерусалимдегі бас кеңсесіне басып кіріп, кешенді басып алды және ішіндегі нысандарды қиратып тастады.

UNRWA қызметінің тоқтатылуы Палестина жеріндегі шамамен 2,5 миллион босқынның өміріне кері әсерін тигізуде.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты