ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі Израильдің флотқа жасаған шабуылы адамзаттық құндылықтар мен халықаралық құқықты бұзатынын мәлімдеп, халықаралық қауымдастықты ортақ ұстаным танытуға шақырды.
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады

Түркия Италиядан шығып, Газаға қарай жол алған көмек флотына Грекия жағалауында Израиль тарапынан заңсыз түрде жасалған операцияны «қарақшылық әрекет» деп атады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде: «Израиль Газадағы жазықсыз жандардың басындағы адамзаттық апатқа назар аударуға тырысқан «Жаһандық Сумуд флотына» шабуыл жасау арқылы адамзаттық құндылықтар мен халықаралық құқықты нысанаға алды», — делінген.

Израильдің бұл агрессиясы сонымен бірге халықаралық су айдынындағы еркін жүзу құқығын да бұзатынын атап өткен мәлімдемеде: «Израильдің бұл құқықпен санаспайтын әрекетіне қарсы халықаралық қауымдастықты ортақ ұстаным танытуға шақырамыз», — деп көрсетілген. Сондай-ақ «Флоттағы азаматтарымыз бен басқа да жолаушылардың жағдайына қатысты тиісті елдермен бірлесе отырып, барлық қажетті шаралар жасалуда» деп қосып өтті.

ҚатыстыТоқтатылған флот кемелерінің саны артуда - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Шабуылға ұшыраған флоттан бейсенбі күні таңертең жасалған хабарламада Израиль әскери-теңіз күштері кемелердің қозғалтқыштарын істен шығарып, навигациялық жүйелерін зақымдағаны, соның салдарынан жүздеген адамның теңізде қалып қойғаны хабарланды.

«Жаһандық Сумуд флотының» ұйымдастыру бөлімі Грекияның Крит аралы маңындағы халықаралық су айдынында Израиль әскери кемелері конвойды қоршауға алып, байланысты үзгенін және 11 кемемен байланыс жоғалғанын мәлімдеді.

400-ден астам бейбіт азаматты тасымалдаған флот Газаға гуманитарлық теңіз дәлізін ашуды және блокададағы аймаққа көмек жеткізуді мақсат еткен болатын. Газа 2007 жылдан бері Израильдің қоршауында қалып отыр.

Израильдің Газа блокадасын бұзып, гуманитарлық көмек жеткізуді көздеген «Жаһандық Сумуд флотының» «2026 жылғы Көктемгі миссиясы» Италияның Сицилия аралындағы дайындықтарын аяқтап, 26 сәуірде Жерорта теңізіне шыққан болатын.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді