ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Бангладештегі жер сілкінісі салдарынан үш адам қайтыс болды
Даккада  5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкіністің эпицентрі ˗ астананың солтүстік-шығыс аймағы.
Бангладештегі жер сілкінісі салдарынан үш адам қайтыс болды
Бангладештегі жер сілкінісі салдарынан үш адам қайтыс болды / Reuters

Полиция өкілінің мәлімдеуінше, жұма күні Бангладеште болған магнитудасы 5,7 жер сілкінісінен Даккада кемінде үш адам қаза тапты. Үш адам Дакканың Бангшал ауданында бес қабатты ғимараттың қоршауы салдарынан мерт болған.

Бангшал полиция бөлімшесінің қызметкері Ашийш Бозе Анадолы агенттігіне оқиғада үш адамның қаза тапқанын хабарлады.

Жергілікті өрт сөндіру қызметі Даккада және оның маңында жер сілкінісінен зардап шеккен немесе зақымданған жеті ғимаратқа қатысты жағдай анықталғанын және кемінде бір адамның жараланғанын хабарлады.

Жер сілкініс жергілікті уақыт 10:38-де (04:38 GMT) тіркелді, ал Бангладеш метеорология департаментінің дерегінше, эпицентр ел астанасынан шамамен 50 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан Нарсингди округінде.

Жер сілкінісі бірнеше секундқа созылғанына қарамастан, дүмпудің күшімен Дакка тұрғындары үйлерінен  жаппай сыртқа жүгіріп шығып, көшелерден қауіпсіз орын іздеген.

 

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»